Қостанай әкімі сот арқылы ардагерді пәтерден қуып жібермек болды

6
1935

Қостанай әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін пәтерден қуып жіберу туралы шағым түсірді. Алайда сот шағымды қанағаттандымады. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сот мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы қала әкімі 94 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагеріне жалға бір бөлмелі пәтер беріп, жалға беру туралы келісімшарт жасасқан.

2016 жылдың тамызында ардагер сырқаттанып, Астанада емханаға түседі. Сол арада зейнеткерге еміне шұғыл қаражат қажет болғасын оның қызы пәтерді екі айға өзгелерге жалға береді. Ал қазіргі уақытта ардагер пәтерге қайтып оралған.

«Тұрғын үй қатынастары» туралы заңның 68 бабы 1 бөліміне сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жатады. Соған қарамастан, қала әкімі ардагерді пәтерден қуу туралы сотқа шағымданды», – делінген хабарламада.

Қостанай соты зейнеткердің соғыс ардагері екенін және жасының үлкендігін ескере отырып, әкімнің шағымын қанағаттандырмады.

6 ПІКІРЛЕР

  1. It is appropriate time to make some plans for the longer term
    and it is time to be happy. I’ve learn this publish and if
    I could I want to counsel you few interesting things
    or tips. Maybe you could write next articles relating to this article.

    I wish to read more issues approximately it! http://bing.net

  2. Ана әкімді орнынан алып тастау керек. Қазақ деген атқа кір келтіріп жүрген әкім қазақпа әлде сартпа(өзбек)? :oilanu:

  3. Ардагердің жағдайынан шықпай, түсінбестік жасаған әкімнің өзін сотқа беру керек. Масқара, ұят болған екен!

  4. СОГЫС АРДАГЕРИНЕ УЙДИ ЖАЛГА ЕМЕС,БИР УЙДИ НЕГЕ СЫЙЛАМАЙДЫ УКИМЕТ. КАЗИРГИ ТАНДА СОГЫС АРДАГЕРЛЕРИ АЗАЙЫП БАРАДЫ. КОМЕК КОРСЕТИП,КАМКОР БОЛАЙЫК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз