Жексенбі күні Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың жаңа қызметке келгеніне 100 күн болды. Үш айдан аса уақытта оның ведомствосының құрылымдалу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды. Қоғам алдағы уақытта министрдің жұмысында қандай өзгерістердің күтілетінін білгісі келеді. Осы және басқа да мәселелер жайлы Дәурен Әскербекұлы тұңғыш сұхбатында айтып береді.
– Екіншіден, күзгі маусымда мемлекеттік телеарналар жаңа форматта, жаңа жобалармен және жаңа хабарлармен көрсетіледі. «ҚазКонтент» АҚ қайта құрылымдалып жатыр. Оның интернет-ресурстарында редакциялық және кадрлық саясатында айтарлықтай өзгерістер болады.
Еуропа чемпионаты мен Олимпиада ойындарын эфирден көрсету туралы келіссөздердің сәтті өткенін айта кеткім келеді. Лайықты баға ұсынысы бойынша да келісімге келгеніміз қуантады.
– Үшіншіден, біз «KazSat-3» ғарыш аппаратына қатысты барлық тестілеу жұмысын аяқтадық. Енді мемлекеттік органдар, Ұлттық компанияның өкілдері, бизнес өкілдері отандық байланыс спутнигінің қызметтеріне өтіп жатыр. Меніңше, бұл ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында үлкен қадам, оның үстіне оның белгісін жалға алуға жұмсалатын қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Айтпақшы, елімізде «OTAU TV» телетаратылымының «KazSat-3» спутнигіне көшудің арқасында төрт миллионнан асқан абоненттерін қыркүйекте тосынсый күтіп тұр.
– Төртіншіден, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Электрондық үкімет» арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының жаңа стандарттары жасалды. Қолжетімді қызметтер түрі 50-ге көбейеді. Бұл қызметтердің бірқатарының көрсету уақытын қысқартып, тұрғылықты мекен-жаймен байланысын алып тастадық. Сонымен қатар, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай кеңсесін құру барысы аяқталуға жақын. «Ашық үкімет» порталында ұсынылатын мәліметтер жиынтығы айтарлықтай кеңейтілді.
– Бесіншіден, ақпарат және коммуникация аясындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған заңдар ойластырылды.
Сонымен қатар, бақылаудың ең басты мақсаты – елімізде ең көп кездесетін әлеуметтік проблемаларға жедел түрде назар аударып, сол мәселелермен айналысу.
Сондықтан мен бұл жерде «бақылау» деген сөзді қолданбаймын. Қазіргі уақытта барлығы бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік жұмыстағы барлық мәселені талқылап, оларды шешу жолдарын бірігіп іздестіруі керек. Мен көптеген мемлекеттік орган мен олардың басшыларының әлеуметтік желілерде белсенді болуына осы себеп болды деп ойлаймын.
Айтпақшы, мен бірнеше рет орынды кеңес берген қолданушылардан хат алдым. Оларды осы жұмыс барысында қолданып та үлгердім.
Қазір біз ақпараттық салада жаңа заңды жетілдіру жұмыстарын бастадық. Онда біз масс-медианың жаңа тенденцияларын және интернет журналистиканың қарқынды дамып жатқанын ескереміз.
Жаңа заңнаманы құру үшін азаматтық қоғамдастықтың мүшелері, журналистер, құқық қорғаушылар мен қоғамдық пікірдің жетекшілері тартылады.
Ал Интернетпен қамту жөніндегі жоспар туралы айтатын болсақ, біз 2018 жылға дейін екі миллион ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз етеміз. 2019-2025 жылдар аралығында тағы 1,9 миллион адамды интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
Мен бұл мәселе жайлы қысқаша айтып кеткен болатынмын. Біз «Хабар» агенттігі қызметін оптимизациялау жұмыстарын бастадық. Таяуда «Білім және Мәдениет» пен «KazakhTV» телеарналары ортақ «KazakhTV» логотипімен біріктіріледі. Сондай-ақ, Bnews.kz, Baq.kz, Strategy2050.kz, El.kz, e-history.kz, adebiportal.kz мемлекеттік интернет порталдары редакцияларының саясатына өзгерістер енгізіледі.