Шенеуніктер рейтингінде Тасмағамбетов көш бастады
2016 ж. 27 шілде
6560
17
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» әр тоқсан сайын биліктегі элиталы шенеуніктердің рейтингісін шығарады. Жуырда орталық 2016 жылдың екінші тоқсанындағы қорытындыны жария етті.
Бұл туралы oinet.kz жазады.
Жалпы бір айта кетері, өздерінің зерттеулерін сарапшылардан алынған сауалнама арқылы шығаратын орталық үкіметтің екінші тоқсандағы жұмысына қанағаттанарлықсыз деген баға беріпті.
Рейтингіде бірінші орынды Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов иеленді. Астананың мэрі қызметінде де біріншілікті ешкімге бермеген Тасмағамбетов жоғары билікте өзіне тең келетін ешкімнің жоқ екенін (бір айта кетері, бұл тізімде елбасы жоқ) тағы бір дәлелдеді.
Ал екінші орынды сенатор Нұртай Әбіқаев, үшінші орынды Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков иеленсе, премьер-министр Кәрім Мәсімов төртінші орынға жайғасыпты.
Бұдан кейінгі орындарда Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ахметжан Есімов тұр. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге 9-орын бұйырды.
Рейтингіде бұған дейін 22-орында жүрген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұл жолы бірден 11-орынға көтерілді. Өмірзақ Шөкеев 16-орында, Әсет Исекешев 19- орында, Қуандық Бишімбаев 31- орында, Асқар Мырзахметов 32-орында тұр.