Азияда ойындары саяси науқан емес

1
2443

Шығыс өркениеті – адамзат өркениетінің бесігі. Ол туралы қазақ зиялылары мен ғалымдары ғана емес – бүкіл адамзат біледі, ал бірақ та ешкім дауыстап айтқысы жоқ.
VII Азияда ойындары саяси науқан емес. Сол VII Азиадаға орай Шығыс өркениеті туралы дауыстап айтсақ кайтеді? Олай істесек Азияда ойындары жоғарғы денгейге бірақ щырқап шығар еді, ал қазақ болса өзінің шынайы тарихи тамырларын тани бастап, адамзаттың жаңа өркениетіне ие болар еді. Әлемнің прогресшіл тарихшылары мен ғалымдары мынаны біледі: адамзат тарихының бастамасы Шығыста және Қиыр шығыста басталған, содан бері мыңдаған ғасырлар бойы ол бір сөніп, бір өшіп дегендей батысқа карай ығыса берген; осыдан мыңдаған жылдар бұрын Көне Әлем өркениеті Шығыс өркенитіне айналып, қазақ жерінде дами бастаған; ол уақытта жер бетінде діндер жоқ болатын, осыдан 4-5 мың жыл бұрын пайда болған зороастризм мен буддизм де болмаған.

Ол дәуірде климат және табиғат ерекше таза болғандықтан Аспанның терезелері жер бетіндегі адамдар үшін толығынан ашық болып, ал адамдар Құдай әлемдерімен сұхбаттасып, ғарыштан дайын түрде қазірге дейін адамзатты таң қалдыратын білім алып тұрған. Олар әлем құрылымын, астрономия, медицина, математика, рухани білімдерінің негіздерін, әділет және табиғат зандарын толық біліп, ол мәліметтерді өзге шекаралас жерлерде тарата берген. Басқа жердегі елдер ақиқатты білімдерді меңгерген сайын Шығыс өркениеті кеңейе берген, үлкейе берген.
Шығыс өркениет әлемі мыңдаған жылдар бойы дами бере, V-VII ғасырларда Байкалмен тоғысатын өзендерден бастап, Орталық Азияның шекаралас региондарын және Сібірдің бір бөлігін камти, Кара теңіз жағалауларына дейін жайғасып жатқан. Археологтардың білуі бойынша, Шығыс өркениеті жоғарғы денгейдегі өркениет ретінде бір келкі дамыған, кай жерде болса табылған заттар мен еңбек кұралдары ұқсас. Олар шекара деген нәрсені білмеген, бір бірін ұлтқа бөлмеген, бір бейімді болған – бір рухани заңдарға бағынған, бір білімдерге ие болған, бір мәдениет ішінде калыптасқан. VII – IX ғасырлар арасында Шығыс өркениеті бір жағынан шығыстан, екінші жағынан батыстан жау шапқыншылығына ұшырай бастады. Сол уақыттан бастап Шығыс өркениеті ыдырап, бөлшектене бастады. Оның құлдырауы мен куйреуі 500-600 жылға дейін созылған. Сол ғасырлар арасында Шығыс әлем өркениетінің өңірлерінде тұратын халықтардың тілі де, бейнелері де, ішкі санасы да өзгерген. Қазақтар Шығыс әлем өркениетінің негізін қалаған ел болатын. Бірақ та бұл оқиғалардан кейін олар бұрынғы денгейіне көтеріле алмады, шаруашылық, саяси, рухани және демографиялық апатқа ұшырай бастады. Сол себептен оларға соңынан ілесе бізге қазақ тарихының беті осы деп көрсетіп жүрген қиямет ғасырлар да жетті: 400 жылдық моңғол төрелігі, 50 жылдық жоңғар-қытай қияметі, 300 – жылдық орыс патшаларының билігі. Ал бұл болса мыңдаған жылдар бойы дамыған қазақ тарихинын бір жалт еткен көрінісі ғана. Қазақтын нақты тарихы, негізгі рухы мен этникалық шынайы соңғы мыңжылдықтың алдында жатыр.
Шынын айтайық, біздің тарихшылар мен ғалымдар Шығыс өркениетін естеріне де алмайды, соңғы мыңжылдықтың қиямет ғасырларын қазақ тарихы деп санайды. Соның кесерінен қазақтың денгейі өзіне де, басқа елдерге де бір саты төмен болып көрінеді. Шынын айтайық, қазақтар өз тарихының негізін білетін болса, олар баяғыда бойы зор, рухани және саяси деңгейі биік ел болып жүрер еді.
Шығыс өркенитенің деңгейі өте жоғары болып, мыңдаған жылдар бойы бір қалыпты дамыған. Оның дәлелін іздеп, жер шұқылап, қазба жұмыстарын жүргізіп те керегі жоқ. Барлық дәлелдер мен барлық жер байлығы – жер бетінде. Атағы бүкіл әлемге жайылып кеткен көне дәуірінің әр-түрлі тарихи эпохаларына жататын скиф алтындары Алтай өңірлерінен бастап Дунай өңірлеріне дейін жиналған дүние. Көне өркениетінің тілі латын тілі деп есептеледі. Сол латын тілін Шығыс әлем өркениеті мыңжылдықтар бойы пайдаланған деген дәлелдер бар. Латын тілі жазбаларының қалдықтары мен іздері Алтайда, Орталық Азияда, Кара теңіз жағалуларында да табылған. Ғалымдар ол туралы баяғыдан біледі. Бұның беріне де Кеңес өкімет уақытында сөз берілмей, бетін шымылдықпен жауып тастап отырған.
Сонымен Шығыс әлем өркениеті Олимпиада ойындарының атамекені деп саналатын Жерорта теңізі өркениеттеріне (Көне Мысыр, Көне Рим, Көне Греция) тең өркениет болған. Осыны еске ала турып, Азиада ойындарының идеологиясын мынандай түрде қабылдау керек деп есептеймін:

АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ
Тарих мазмұнында өркениет дегеніміз не?
Рухани қабілет, идея, идеология, әділеттік деген нәрселер әрбір уақытта, әрбір дәуірде адам баласын, ұлттарды және халықтарды біріктіретін табанды негізі болып табылатын. Көне әлем өркениетті ғасырларда ол туралы адамзат перзенті жақсы білген. Адамзат тарихында шынайы өркениеттер санаулы ғана болған. Бірінші Олимпиада ойындары өткізілген кезендерде олардын дәстүрі, мағынасы және идеясы Көне әлем өркениетін еске салатындай болып тұрған. Ол дәуірде табиғат таза, ауа мөлдір болғандықтан адамзат баласы үшін Аспан толық ашық, ал адамдар болса Ғарыш өркениеттерімен араласып, олардан ең жоғарғы денгейдегі білімді дайын түрде алып тұратын болған. Өркениет (орыс тілінде де, Европа тілдерінде де «цивилизация») деп аталу үшін, қоғам басқа халықтарға қол үшін беріп, оларға көмек көрсетіп, білім беріп, гумманистік принциптерді насихаттап, өзара және сыртқы саясатында сол прициптерді ұстап жүрген қоғам ғана аталуға мәжбур. Ал енді көршілерін шапқыншылыққа ұшыратып жүрген баскесерлер мен өз мүддесі үшін ғана империя құрушылар өркениет деп аталуға хақысы жоқ. Осыған орай мынаны еске алу керек еді. Адамдар адамзат тарихын соғыстар тарихымен ғана байланастыруға дағдыланып кеткен, ал Көне әлем өркениеті соғысты ғасырлар бойы білмеген, сондықтан олар туралы деректер өте аз. Көне өркениет қалаушылар рухани және гумманистік заңдарды ұмытқан кезде ғана соғыса бастаған. Сол кезде олар өркениеттіктен айырылып, зор күшке ғана ие болатын. Ал енді ол зор күш 2-3 ғасырға ғана жететін. Сол кезде бұрынғы өркениет империяға айналып, 2-3 ғасырдан кейін ыдырап, күйреуге ұшырайтын. Бұл кезеңнен Көне әлем өркениеттерінің бәрі де өтті: Көне Мысыр өркениеті, Көне Рим өркениеті, Көне Греция өркениеті, Көне Шығыс өркениеті.

Көне Шығыс өркениеті туралы

Шығыс – адамзат өркениетінің бесігі. Бұл өркениет мыңдаған жылдар бұрын Шығыста және Қиыр шығыста пайда болып, батысқа қарай ілгері тартып отырған. Мыңдаған жылдар бұрын Көне әлем өркениеті Орталық Азияда қайта жандана бастады. Сөйтіп Көне әлем өркениеті Шығыс өркениеті түрінде дами бастады. Ол туралы Қазақстан тарихшылары біледі, бірақ та ресми түрде айтып жүрген жоқ. Шығыс өркениеті зороастризм, буддизм және басқа діндер пайда болмай тұрған эпохада жоғарғы денгейдегі білімдерді толық меңгеріп, пайдаланып жүрген. Шығыс өркениеті математиканы, философияны, агрономияны, жер өңдеу, рухани және ғарыштық зандарды пайдалана біліп, ол білімдерді көршілес және шекаралас халықтар арасында ғасырлар бойы тарата берген.
Сол себептен, Шығыс өркениеті ғасырлар өткен сайын Орталық Азиядан батысқа және шығысқа қарай ұлғая берген. V-VII ғасырларда оның территориясы Евразия континентінің жартысын алып жатқан. Сол территориянын барлық өңірлерінде адамдар бір рухани зандармен байланыс болған, олар мемлекет, ұлт, нәсіл деген нәрселерге бөлінбеген, қиямет, ашаршылық, соғыс дегенді де білмеген. Олар білетін Ғарыш заңдары соғысқа, зорлық-зомбылыққа тиым салатын. Соғыстан табиғат өзгеріп, шөлге ұшырайды, ал қатты айтылған сөздерден сәбилер ауруға шалдығады, деп білетін біздің ата-бабаларамыз. Осы дәуірдің IX-X ғасырына дейін Орталық Азияның табиғаты жұмақ бағымен тең болған.
Адамдар рухани және әділет заңдарының құнын мыңжылдықтар бойы сақтаған. Бірақ та кейін мұның бәрі ұмытылды. Шығыс әлем өркениеті уақытында ғұндар өркениеті деп аталған. Олардың жұмбақты сырлары мен қырлары көп болғанымен, біз ол өркениеттің негізін жақсы түсінеміз де, білеміз де, өйткені олар біздің ата-бабаларымыз. Өкінішке орай, Шығыс өркениетінің тағдыры басқа Көне әлем өркениттердің тағдырына ұқсас болды. Ол сыртқы шапқыншылықтардан ыдырап, бөлшектеніп, дағдарысқа ұшырап, жоқ болып кетті. Кара теңіз аймақтарында бұл оқиға VII ғасырда орын алды. Орталық Азияда – IX-X ғасырларда. Бұдан кейін күйреген Шығыс әлем өркениеті бөлек-болек аймақтарға, этностарға және мемлекет құрылымдарына бөлініп кетті. Орталық Азияда климат өзгере бастады. Су азайып, ну ормандар жоғала бастады. Жер өнімі азайды. Адамдар көшпенді мал өсіру кәсібіне көше бастады. Бұл оқиға мың жыл бұрын орын алды. Одан кейінгі Шығыстың тарихы бәріне де мәлім: аяғы жоқ қырғын соғыс, ғасырдан ғасырға халықтың соңынын калмаған касірет, ашаршылық, жоқшылық, тізе бүгу… Өкінішке орай, қазақ халқы өз тарихи тамырларына, Шығыс өркениетінің рухани кұндылықтарына орала алмай-ақ қойды.
Әрине, Көне мәдениетін біле тұра, біз өз тарихымызды, ол кандай қасіретке ұшыраса да, ұмытпауымыз керек. Бірақ біз жер мен көкті бір-бірімен шатас­тырмай, айыра білуіміз керек. Сондықтан біз бүгін мақтанышпен мынаны айта аламыз: VII Азиада ойындарының негізінде Көне Шығыс өркениетінің мәдениеті, рухани белсенділері мен мақтаныш тұтатын құндылықтары жатыр. Азиада ойындарының негізінде Шығыс өркениетің жалпыадамзаттық рухани байлықтары және гумманистік идеялары жатыр деп мәлімдеме жасаймыз. Толеранттылық дегеніміз қоғамның барлық әлеуметтік қауымдарын, барлық ұлттарды және діндерді тату жағдайда болатын қасиеті. Ал ондай қасиет халыққа және қоғамға жәй өзі келмейді, ол жалпы-адамзаттық рухани құндылықтармен бірге келетін нәрсе. Ол ақиқат туралы Шығыс өркениеті жақсы білген.
Көне Шығыстың өркениеттілігі, ол туралы ресми түрде көп айтылмаса да, елге мәлім. Өткен халықаралық саммит Қазақстан халықаралық деңгейде толық көрінуін талап еткенін бәріміз де көрдік. Ал толық Казақстан дегеніміз – Көне Шығыс өркениетімен бірге. Ол өркениет толығынан көрінсе, сонда ғана Казақстан халықаралық деңгейде толық көріне алады. Шығыс өркениеті алтын-күміс тиын сылдырын естімейтін, адамдарды алдау, арбау, қинау, жеке тастау, ұру, соғу, өлтіру дегенді білмейтін. Шығыс өркениеті – мәдениеттіліктің үлгісі, әділеттіктің шынайы болған өркениет. Сондықтан біздің ойымыз бойынша, Азиада – бүкіл әлем халықтарының бірлігі, тұтастығы, татулығы. Көне Шығыс өркениеті қар дегенді білмеген. Бірақ та олар Олимпиада ойындарын идеалды түрде білу керек болатын. Ол өркениеттің лебі қазір де көк аңсап тұр. Біздің ойымызша, Шығыс өркениетінің мейірімді қоғам идеялары бүгінгі күнге үлгі бола алады.

Сөз соңы
Бұның бәрін мен ойдан алғам жоқ. Бұл туралы әрі кеткенде 5-6 мемлекеттің тарихшылары, этнографтары, климатологтары және басқа маман ғалымдары жазып, айтып жүр. Менің айтқаным елге мәлім, бірақта ол туралы дауыстап айтып жүргендер шамалы. Ал көне Шығыс өркениеті қазір де қар мен мұзды еріте алатын жағдайда. Оны біле тұра, Қазақстан үшін Казақстанға Азиададан келетін медальдардың кажеті шамалы деген ойдамын. Азиада қазақты халықаралық деңгейде өркениетті халық ретінде көрсету керек. Ал мәселе мұнда жатыр. Қазақ өркениетті болғысы келсе, ол Шығыс өркениетінің бетін ашып әлемге көрсету керек. Азияда науқаны өтер, ал осы күндерде алғашқы нақты қадамдар жасаған Шығыс өркениеті казақпен бірге мәңгі болу тиіс деген үміттемін.
Одан ары Шығыс өркениеті казақпен бірге қоса өз кырлары мен сырларын аша берер, ал қазақ халқы өзінің ішкі бейнесін басқа көзқараспен көргендей болып, әлем өркениетін өзгертуге үлес қосар. Сонымен қазақ Жаңа әлем өркениетіне жол ашу керек.
Тоқтасын Нурғалиев

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз