Мәжіліс депутаты өзінің сәләфизмге қарсы еместігін мәлімдеді
2016 ж. 02 шілде
2390
3
Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында депутат Омархан Өксікбаев сәләфизмге тыйым салу мәселесіне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Енді, оны қазір олай-былай болады деп айта алмаймын. Жалпы, сәләфизмнің өзінің идеологиясы бір кереметтей теріс деп айтқым да келмейді. Себебі Сауд Арабиясы мемлекеті осы бағытты қолдап, діндерінде қолданып жүр. Оның өзінде радикализмнің ештеңесі көрініп тұрған жоқ. Бізде соны бұрмалап алып кететін, соның атын жамылып, бірақ басқа бағытта адамның өміріне қауіп келтіретін, мемлекет құрылымына қауіп төндіретін мәселелер ол басқа дүние. Сондықтан ол мынау қойдың терісін жамылып алғанымен қасқыр қой болмайды. Иә, сондықтан ішкі құрылысын білуіміз керек. Сол себепті заңда, жалпы қабылданатын шешімдер де сол ішкі құрылысын танып барып, жасалуы қажет деп ойлаймын», - деді Омархан Өксікбаев.
Айта кетейік, күзде депутаттар діни бірлестіктердің қызметін реттеуге арналған заң жобасын қарауды жоспарлап отыр. Депутат Мәулен Әшімбаевтың ойынша, сәләфизмге қарсы біз өз идеологиямызды қоюымыз қажет.
Ал Досай Кенжетайдың сөзіне қарағанда, сәләфизмге тыйым салынса, елімізде қантөгістер болуы әбден мүмкін. Дегенмен, Қазақстанның күш құрылымдары осы бастамаға дайын болса, аталған ағымға ешбір қиындықсыз тыйым салуға болады.