Ақтөбе оқиғасы: Барлық қылмыскерді ұстап, қарсылық көрсетсе өлтіру керек - Нұрсұлтан Назарбаев
2016 ж. 08 маусым
2675
1
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады.
Кездесу барысында Жұмақанов Ақтөбедегі антитеррорлық операциялардың қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. «Біз 13 лаңкестің көзін жойып, 14-ін жараладық, ал 20 мүшесі терактіге дайындық барысында-ақ бас тартыпты, олардың бәрін анықтап, тергеп тастадық. Дәл қазір екі топқа бөлінген 6 адамды іздеп табу ғана қалды. Олар анық Ақтөбеде. Бүгін бір топтың "пятнашка" Ладада жүргенін білеміз, тіпті олар балалар лагерін сыртынан атыпты" дейді Жұмақанов.
"Біз олардың сол аймақта екенін білеміз. Халыққа ескерту жасалды. Қылмыскерлердің біреуін де қалдырмай ұстау керек. Қарумен қарсылық көрсетсе, өлтіру керек. Барлығы қатаң түрде жазалануы тиіс", - деді мемлекет басшысы.
qazaquni.kz