«Бір белдеу - бір жол» жобасы 21 ғасырдағы ең ірі жобалардың біріне айналады - К. Мәсімов
2016 ж. 25 мамыр
2816
2
«Бір белдеу - бір жол» жобасы 21 ғасырдағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: Энергия, ресурстар және орнықты даму» сессиясының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Жібек жолы тек сауда-саттықты ғана дамытып қойған жоқ. Ол сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы тәжірибенің, жетістіктер мен білімнің алмасуын ынталандырып, ғасырлар бойы үлкен Еуразиядағы бейбітшілік пен сұхбаттастықтың нығаюына септігін тигізді. Соңғы онжылдық бойы Азияның дамуы азиялық өңір ішіндегі, сонымен бірге Азияның Еуропамен және Америкамен барынша тығыз өзара іс-қимылының қажеттігін көрсетті», - деді К.Мәсімов.
Осы ретте ол 2012 жылдың қыркүйегінде Астанаға сапармен келген Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде дәріс оқуы барысында «Бір белдеу - бір жол» жобасын құру идеясын ұсынғанын және оны саясат, сауда, көлік, қаржы және адам өлшемдері негізінде дамытуды ұсынғанын атап өтті.
Осы сөз сөйлеу барысында: «Қазақстан Президенті бұл идеяға бірден қолдау көрсетті және біз оны дамыта бастадық. Меніңше, «Бір белдеу - бір жол» жобасы 21 ғасырдағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Ол Жер шары халқының төрттен үшін байланыстырып, біріктіреді. Жаңа трансшекаралық алыс-беріске, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастыққа септігін тигізетін өзара іс-қимыл мен кооперацияның мүлдем өзге жүйесін құрады. Демек, біздің елдеріміздің әртараптандыра түседі», - деді ҚР Үкімет басшысы.
Дерек көзі: ҚазАқпарат