Депутат мектеп ұжымымен кездесті
2016 ж. 17 мамыр
2153
0
Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарасты 178 мектеп-лицейінде кездесу болып өтті. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Полторабатько, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев аталмыш оқу ордасының еңбек ұжымымен жүздесті. Жиын барысында ауданның дамуы, әлеуметтiк-экономикалық мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитінде Американың саяси және қоғам қайраткерлері, әскери ұйымдар басшылары алдында сөз сөйлеп, жария еткен «Әлем ХХ1 ғасыр» атты манифесін және елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын талқылап өтті. Бүгінде еліміздегі орын алып жатқан көкейтесті жер мәселесі де талқыланып, жиылған жұртқа түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
qazaquni.kz