Нұрәли Әлиевтің орнына жаңа орынбасар тағайындалды
2016 ж. 14 мамыр
2523
1
Малика Бектұрова Астана әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Малика Бектұрова 1983 жылы дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты.
2001 жылы Кентукки университетін (АҚШ) "Саясаттану" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетте "Қаржы және несие" мамандығы бойынша білім алған. 2003 жылы Кореяның даму институтын "Индустриалдық саясат және сауда (ДСҰ)" мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша Гарвард университетін тәмамдады. Екі магистр дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын жәні корей тілдерінде еркін сөйлейді. Тұрмыс құрған, үш баланың анасы.
2006 жылдан әкім орынбасары болып тағайындалғанға дейін Малика Бектұрова Астананың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.
Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болып 2014 жылдың 22 қазанда тағайындалған еді. Қазіргі уақытта оның орынбасарлары Сергей Хорошун, Андрей Лукин, Қосман Айтмұхаметов және Ермек Аманшаев. Малика Бектұрова бесінші орынбасары болып отыр.
Еске салайық, наурыз айында Астана әкімінің орынбасары қызметінен Нұрали Әлиев кеткен болатын. "Мен көп жыл бойы бизнеспен айналыстым. Жаңа қаржы салаларын, компанияның экономикалық мүмкіндігін ашу, зерттеу - көңілім қалаған жұмыс. Сондықтан мен Астана әкімінің орынбасары қызметінен кеттім, енді мен бизнес саласында істермен айналысамын", - деді Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол.
Дереккөзі: tengrinews.kz