Жер сатуға алғаш қарсы шыққан сенатор Айтаханов болатын...
2016 ж. 13 мамыр
5557
8


«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» дейді ғой дана халқымыз, мен бүгінгі өлеңімді осы Қуаныш ағама арнадым.
АРЫСТАН МІНЕЗДІ АЗАМАТ
Қуаныш Айтахановқа
Екендігін кім бұлақ, кім дәрия,
Алмайды деп ойлама мүлде айыра!
Ағайынның кетпей ме берекесі,
Бір ауылда болмаса, бір кәрия!
Ізгілікке беретін қымбат баға,
Отыратын айтқанын тыңдап қана,
Қалған кезде абдырап інілері,
Қандай жақсы болғаны, бір жақсы аға!
Түрі жаман заманның мына қысқан,
Жеңіп шығар жұлқысып шын алысқан!
Ұйқы меңдеп алмай ма аң біткенді,
Гүрілдеген болмаса, бір арыстан!..
Құтқарам деп қазағын шер - күйіктен,
Тоса білген ұйтқыған желді иықпен,
Күнде көріп келемін Сенаттағы,
Мен Қуаныш ағамды сол биіктен!
Көтеруден аулақ ол көпке білек,
Сұмпайлардан жүреді шеткерірек!
Таяғанда бір тықыр қазағына,
Оның даусы шығады өктемірек!
Көрсетумен келеді біліктілік,
Жылағанын көрдім мен күліп тұрып!
Қазағына бір тықыр таяғанда,
Айтуындай айтады ол тіліп-тіліп!!
Шалдар аз ба ол жақта өңмеңдеген,
Жұмысы жоқ шерлімен, шермендемен!
Биліктегі «батырлар» дәл осындай,
Санасуы керек қой кең кеудемен!!!
Қадір кеткен бәрінен бұл заманда,
Шығатындар аз, білем, шындап алға!
Кетпес еді жігіттер омақасып,
Осы ағаны бір уақ тыңдағанда!
Күржиткен боп жүргенмен жоталарын,
Танымайды екен-ау бота Нарын!
Қалмас еді ұятқа бүгінгідей,
Алса ақылын інілер осы ағаның!..
Ауыт Мұқибек
09.05.2016
qazaquni.kz