Президент жаңа министрлік құруды тапсырды
2016 ж. 05 мамыр
2236
1
Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды.
«Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және комуникация министрлігін құруды тапсырамын», - деді Президент.
qazaquni.kz