Нұрсұлтан Назарбаев: Біздің xалық қасық қаны қалғанша Жерді қорғайды деп білемін".

Аталы сөз айтылды!

NN........... "Жер бізге ата-бабамыздан мирас боп қалған ең асыл қазынамыз! Ұлтымыздың ұлы байлығы! Қазақтың даласы - xалықтың меншігі! Қазақстанның 14 000 шақырым шекарасын шегелеу үшін мен сеееегіз жыл келіссөздер жүргіздім. Әр жерде. Әртүрлі адамдармен. Әрбір басшымен. Көп қиындықтармен кезіктік. Келісе алдық. Соның нәтижесінде тұңғыш рет Қазақстанның өз территориясы бар. Шекарасы бекітілген. Осының бәрі не үшін? Жердің тұтастығы үшін жасалды! Жер туралы кодекстегі өзгерістер - ауылшаруашылығымен айналысып жүрген шаруақор ағайынға жеңілдік жасауды көздеп отыр. Қожасы бар жердің күтімі мен қадірі болады. Алып-қашпа, арандатудан абай болайық. Дегенмен, Жер мәселесіне xалықтың айрықша көңіл бөлгеніне қуанамын. Лайым әрқашан Ел мен Жерге деген қасиетті көңіл осындай болса, біздің xалық қасық қаны қалғанша Жерді қорғайды деп білемін".

(Бүгін  өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөйлеген cөзі)