Қытай мен орыс қырын қарап еді, АҚШ арқамыздан қақты...
2010 ж. 24 желтоқсан
1572
0
Астана саммиты туралы айтқанда мақтанышымыз көп. Тіпті оны өткен ғасырлармен салыстырып алаулатып-жалаулатып жатқанымызда рас. Бірақ ежелден түркі даласының жеңісіне қызғанышпен қарайтын қызыл көз орыс пен қысық көз қытай бұған қуана қойған жоқ. Тіпті төрт қара көз төрде түгел қарап отырғанда Ресей президентті Медведовтың түнделетіп ұшаққа отырып еліне асығыс жөнелуі де біраз өсекке мұрындық болды. Оның АҚШ-жақтың өкілімен «ұрсысып қалғандығы» себепті «өкпелеп кеткенін» айтушылар да болды.
Қалай болғанда да орыс пен қытайдың қабағынан қуаныш күлкісін көре алмадық. Ал, Қытай жақтың ақпарат көздері Астана саммитінің сәтсіздігі туралы хабарлады. Онда 30 дан астам елдің өкілдерінің келмей қалғандығы, Астана декларациясына ресми қол қойылмаса да, мәжбүри түрде көзбоямалықпен жасалғандығы айтылды.
Орыс пен Қытайдан қалса, үшінші империя – түркінің жұртында отырған бізге көршілеріміздің бұлайша қызғанышпен, күндестікпен қарауы заңды да шығар. Дегенменде Қытай мен Орыс қырын қарап еді, АҚШ арқамыздан қағып, жыртық көңілімізді жамағандай болды. АҚШ жақтың Орта Азиадағы елдерден Қазақстанды таңдап алып, оны Ресей мен Қытайға қарсы дойбының тасы ретінде пайдалану ойы да бар шығар. Болсын-ақ, одан бізге келер зиян жоқ.
АҚШ жақтың арқымыздан қаққанына ашық мысал айтар болсақ,, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон қазақстандықтарға алдын ала құттықтау жіберіп, 16-17 желтоқсанда атап өтетін Тәуелсіздік күнін аман-есен және қуанышты атап өтуімізді тіледі.
«Құрама Штаттарға осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және оның тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіруін қолдаған бірінші мемлекет атану құрметі тиді», - деп атап өтті мемлекеттік хатшы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтауында. «Жақында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның 11 жылдағы алғашқы саммитіне қатысу үшін Астанаға жасаған сапарым кезінде мен Қазақстан жетістіктерінің нәтижелерін алғаш рет өз көзіммен көрдім. ЕҚЫҰ-ға төрағалық және саммитті өткізу Қазақстанның аймақтық және әлемдік көшбасшы ретіндегі дамуындағы маңызды оқиғалар болды»,- деп есептейті АҚШ сыртқы саясат ведомствосының басшысы.
Оның бағалауынша, тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі уақытта Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
«Біздің халықтарымыз көптеген бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық орнатып отыр: экономикалық байланыстарды нығайтуда, болашақтың сенімді энергетикалық жобаларын жасауда, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, ядролық қауіпті төмендетуде. Құрама Штаттар азаматтық қоғам мен жеке сектордың лидерлерімен де, ресми тұлғалармен де адам құқықтарына қатысты, барша азаматтар үшін тұрақты, қауіпсіз, демократиялық, гүлденген әлем құру салаларында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін мақтан тұтады», - делінген құттықтауда.
«Біздің елдеріміздің арасындағы стратегиялық әріптестік Қазақстан мен оның халқы үшін жарқын болашаққа қол жеткізу деген ортақ мақсат жолында нығайып, тереңдей түседі», - дейді Х.Клинтон.
Жақсы сөз жарым ырыс дегендей, Хиллари Клинтонтың құттықтауынан кейін Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған хат келіп түсті.
– Құрама Штаттар Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынасымызды жоғары бағалайды. Біздің елдеріміз арасындағы тығыз өзара қарым-қатынастар халықаралық бейбітшіліктен бастап, таратпауға дейінгі қауіпсіздік қызметінің кең ауқымы бойынша біздің ынтымақтастығымызды кеңейтуге және тереңдетуге деген біздің ортақ және берік ұстанымымызды көрсетеді. Мен біздің елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастық жалғаса түсетініне сенемін. Осы маңызды күнді мерекелеу кезінде мен Сізге және Қазақстан халқына табыс пен өркендеу тілеймін, – делінген құттықтауда.
Қазақта «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген сөз тағы бар. Бізге шапағат жер шарының арғы бетіндегі АҚШ-тан бола ма, әлде көршіміз қытай мен орыстан бола ма, оны бір Алла біледі. Деседе «ойда орыс, қырда қытай тыныш болсын» деген сөзді бабаларымыз текетен текке айта салған жоқ шығар. Көршілердің татулығына не жетсін!
Ж.Шаяхмет