Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы өз депутаттарын анықтады

кнпк-лого7,14 пайыз дауыспен Парламенттік мандатқа ие болған Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы өз депутаттарының есімдерін жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Сайлауда жинаған дауыстарына сай коммунистерге Мәжілістен жеті орын берілген болатын.

Сонымен, ҚХКП атынан Мәжіліске сайланған депутаттар:

Жамбыл Ахметбеков - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Галина Баймаханова - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Айқын Коңыров - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Мегарам Мегарамов;

Ирина Смирнова;

Тұрғын Сыздықов; Владислав Косарев - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.

20 наурыз күні өткен кезектен тыс Мәжіліс сайлауында сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы 82,2 пайыз, «Ақ жол» партиясы 7,18 пайыз дауыс жинаған болатын.

Бұған дейін «Нұр Отан» және "Ақ жол" партияларынан сайланған депутаттардың толық тізіміндерін жариялаған едік.

Дерек көзі: Қамшы.кз