КЕДЕНДЕ ЖАБЫСҚАН КЕСАПАТ
2010 ж. 14 желтоқсан
2078
0
ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫ ҚҰҚЫҒЫМДЫ
ӨРЕСКЕЛ БҰЗЫП, ЕРКІМЕ ҚОЛ САЛДЫ
ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмиге, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Мұсабек Әлімбековке, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия төрағасы ҚР мәжіліс депутаты Сағынбек Тоқабайұлы Тұрсыновқа!
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР КӘСІПКЕР БАУЫРЫМЫЗДЫ ҚҰРЫҚТАҒАН БА?
Бүгінгі нарықтық қысымнан туған дағдарыс дәуірінде алыстан ата жұртына оралған қандастарымыз өзінің кәсіпкерлігі арқылы Қазақстан тарапына көптеген экономикалық қолдаулар көрсетіп келе жатыр. Әсіресе Қытай мен Қазақтан арасында жүрген ірілі-ұсақты компанияның қазақ кәсіпкерлері арқылы біздің елімізге құйылып жатқан қаржының аса қомақты екенін біреу білсе, біреу білмейді. Руханиятымыз бен демографиялық жыртығымызды жамауға септігін тигізіп қана қоймай, тұралаған базар жағдайының оңалуына да оралман бауырларымыздың көп көмегі тиіп келеді. Ал осындай жағдайда топалаңнан тоқаш іздеуге дайын тұратын кеденшілер және оның ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс санауға бейімделген қаржы полициясы қызметкерлері қандастарымыздың қалтасын қағып, оңай олжаға кенеліп жүрсе керек.
Көбінесе ҚР заңдарын толық біле бермейтіндіктен арзан олжаның құрбаны болған ондай қандастарымыздың талайы-ақ табалдырығымызды тоздырып, «Жаз қазақ үніне» шағымданып, мұң-зарын айтатын болды. Тіпті сот орындарының барлық амалдарының күні бүгінге дейін тек қана орыс тілінде жүргізіліп келе жатқанын естігенде, біз де жағамызды ұстадық.
Жақында ғана редакциямызға бас сұққан ҚХР-нан 1999 жылы тарихи отанына оралған жеке кәсіпкер Салжан Бекжанұлы атты азамат өзінің құқықтарының бұзылғаны жайындағы шағымын жеткізіп, көмектесуімізді сұрады. Біз өзегін өрт шалған Салжанның ағынан ақтарылған әңгімесіне құлақ түрген едік.
ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мырзының, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Мұсабек Әлімбеков мырзаның, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия төрағасы ҚР мәжіліс депутаты Сағынбек Тоқабайұлы Тұрсынов мырзаның бірінен болмаса, бірінен бір қайыр болар деген үмітпен Салжанның шағымын жариялап отырмыз.
Алматы облыстық ЭСЖҚКД МРУ қызметкерлерінің 26 ақпан 2010 ж. Оңтүстік-Батыс аймақтық көлік прокуратурасы ҚР ҚК 209 бабы, 1 тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша маған қатысты қозғаған №10740001100036 қылмыстық іс мынадай жағдайда қозғалған еді:
2009 жылдың соңына дейін «Астана-Контракт» уақытша сақтау қоймасына СВХ менің атыма телевизор қоятын шыны, әйнек үстел /подставка/ мен орындықтар ірі көлемде жіберілмек болған. Тауарды жөнелту кезіндегі іркілістен бұл жүк Қазақстанның Қытаймен шекаралас темір жол Алашанькоу бекетіне шамамен 2010 жылдың 15 қаңтарында келіп тұрып қалады. Осы күндері мен элекрондық поштамен жүк артуға қатысты кейбір құжаттарды алдым, сосын, кеден брокерлерімен кеңескеннен кейін, тауар 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстанға келіп үлгірмегендіктен, енді жүктің артылу құны күрт өскенін білдім. Осы туралы естігеннен кейін, мен сыныптасым арқылы 2009 ж. қарашасында Қытайдың «Xinjiang Dematala Internotional Trading Co. LTD» көлік-экспедиторлық компаниясының Ма Шин Лин деген директорымен танысқаным есіме түсіп, соған қоңырау шалып, ақылдаспақ болдым. Ол маған «KAZINTEX-GROUP» ЖШС директоры Құсайынов Рахманның телефонын беріп, бұл оның компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі екендігін, бұл мәселе бойынша Рахманмен сөйлесуге болатынын айтты. Құсайынов Рахман офисіндегі кездесуімізде маған жүкті түсіруге көмектескен жағдайда, өзінің арада жүргені үшін ақы алатынын айтты да, жүкке қатысты менде бар құжаттардың көшірмесін алды. Әйнектен жасалған үстелдер екі категория бойынша – шыны ретінде және жиһаздың аяғы түрінде декларацияланатынын және кеденнен өткізілетінін айтып, жалпы алғанда бәрі де заң аясында жүзеге асырылатындығына сендірген. Zhejiangpan an Imp!@Exp7Co. Ltd компаниям 2010 жылдың 20 қаңтарында директоры жоғарыда аталған Ма Шин Лин болып табылатын «Xinijiang Dematala Internotional Trading Co. LTD» көлік-экспедиторлық компаниясына жазбаша нұсқау беріпті.
Шамамен екі аптадан кейін, 03 ақпан 2010 ж. кешке маған жоғарыда аталған Құсайынов Рахман телефон шалды да, «Кедентранссервис» АҚ уақытша сақтау қоймасына (СВХ) жүктің келіп түскенін айтты. Мен бұрын ұдайы уақытша сақтау қоймасына СВХ «Астана-Контрактпен» жұмыс істеп жүргенмін, сондықтан жүктің «Кедентранссервис» АҚ уақытша сақтау қоймасына СВХ келіп түсуі мен үшін түсініксіз болды. Оның үстіне мен оның қайда орналасұанын да білмейді екенмін. Келесі күні таңертең 04 ақпан 2010 ж. «Кедентранссервис» АҚ уақытша сақтау қоймасына СВХ маңында Құсайынов Рахман менен 1,5 миллион теңгені алып, өз қолымен тауар кассасындағы тауардың құжаттарын маған берді, сосын вагондардың пломбысын алып, ашты да, «Акцепт Терминал» АҚ кеден брокерін шақырып, өзі кедендік салықты жинады. Мен, Салжан Бекжан, жүктердің құжаттарына ешқашан тиіскен емеспін, жүкке де жолаған жоқпын. Барлық уақытта Құсайынов Рахманның қасында болдым, қасымызда мен бұрын бірде, бір рет көрмеген тағы бір Сәбит деген жігіт болды. Алайда, неге екені түсініксіз, тергеу барысында одан жауап алу шаралары жүргізілген жоқ. Сосын жүкті кеденнен өткізгеннен кейін, сол күні - 04 ақпан 2010 жылы Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасы онда орын алған заңсыздықтарға байланысты жүкті тұтқындады. Сосын мен өзім мемлекеттік орындарға хабарласа бастадым, сол жағдайдан кейін, Қазақстан Республикасы ҚК 209 бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша Оңтүстік-шығыс аймақтық көлік прокуратурасы 2010 жылдың 26 ақпанында маған қатысты қылмыстық іс қозғағанын таңдана отырып білдім.
Шын мәнінде маған қатысты «қылмыс белгілері» бойынша әлеуметтік-экономикалық саладағы заңды бақылау басқармасының Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прократурасының прокуроры Раманкул К.З-дың №10740001100036 қылмыстық істі қозғауын кеден заңдылықтарын /КУЗ №3 2010 жылдың 24 ақпанынан/ қолдануды тексеріс материалдарын қарау істің барлық жақтарын толықтай ашу нәтижелері бойынша заңсыз деп есептеймін. Оның ішінде:
1. Қытайдан Қазақстанға келген сол тауар-көлік құжаттарының арасынан мен қылмыстық іс материалдарының ішінде заңсыз тазартулар мен түзетулердің бар екендігі байқадым. Сондай-ақ жүкке берілген бастапқы құжаттар кім, қайда екені белгісіз ауыстырғандығы белгілі болды. Мен жүктің уақытша сақтау қоймасына СВХ «Астана-Контракт» жөнелтушілеріне реквизиттерді жібергеніме қарамастан, бұрынғыша өзіммен бірге жұмыс істеп жүрген СВХ «Астана-Контракт» арқылы емес, «Кедентранссервис» АҚ СВХ келіп түскендігі де жайдан-жай емес деп ойлаймын. Оның үстіне құжаттардың қолдан жасалғаны маман емес адамның өзіне бір қарағаннан-ақ білініп тұр. Сараптама кеден декларациясы кәдуілгі қағазға жасалған, ал мөрден компьютерлік модельдеу әдісімен қойылғаны білініп тұр. Алайда, осыған қарамастан, қылмыстық іс қозғалардан бұрын не прокуратура қызметкерлері, не қаржы полициясының тергеу қызметкерлері тергеу үстінде осы жағдайларға назар аудармаған және қазіргі күнге дейін қолдан жасалған жүкпен келген құжаттарға сот-криминалистік сараптамасын тағайындамай отыр. Қаржы полициясының тергеушісі 10 қыркүйек 2010 ж. сараптама тағайындау жөніндегі менің талап-тілегімнің болғандығына қарамастан, басын алып қашады. Мені қолдан құжат жасады деп күдіктене отырып, сол құжаттарға сараптама жасатпай тұрып, маған қатысты қылмыстық іс қозғағандарын қалай түсінуге болады? Егер олар қолдан жасалған болса, онда оны кім және қайда жасағандығының анық-қанығын айыру керек. Мен мұның себебі мынада екендігіне: егер прокуратура не қаржы полициясы қызметкерлері сараптама тағайындап, соның нәтижесінде сараптама бастапқы құжаттарды біреу заңсыз түрде түзеткенін дәлелдесе, онда осы заңсыз қолдан жасалған құжатты жасатқан адамдарды ұстап, оның қай жерде, кімдердің қолымен жасалғандығын және ауыстырылғандығын анықталып, маған қатысты қылмыстық іс қараудың негізсіз екендігін түсінуге мүмкіндік туар еді. Мұнан өзге егер криминалистік сараптама құжаттардың қолдан жасалғандығын дәлелдесе, онда аталып отырған қылмыстық іс ҚР ҚК 209 бабы, 2 тармағы /ҚР ҚК 209 бабы, 1 тармағы/ бойынша қаралуы мүмкін, соған қарағанда кеден қызметкерлері бұл құжаттарды қолдан жасалған деп отырған жоқ. Мұндай жағдайда маған қатысты қылмыстық істі ешбір айғақсыз қозғағандары және объективтілік принциптерін бұза отырып, сот өндірісін жан-жақты, толық жүргізе алмай отырғандары, тергеу ісінің біржақты жүргізілгендігін көрсетеді. Олар мені тек қана қылмыстық іске тартып, соттауға қажетті «нысана» етіп алғандары, сонда мен жүкті қабылдап алушы болғандығым негізінде ғана сотталуға тиісті екенмін. Ал шын мәнісінде істің бар жай-жапсары мен жинақталған айғақтар көрсетіп отырғанындай, менің қолдан жасалған құжаттарға қатысымның жоқ екендігі және қылмысты мен жасамағандығымды дәлелдейді. Ал менің тарапымнан ұсынылған құжаттардың қолдан жасалмағандығын дәлелдейтін айғақтар толық. Тек қана бәріне де сараптама керек.
2. Әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды бақылау басқармасының Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасы прокурор Раманкул К.З. ешбір сараптама жасамастан, жүк пен тауар құжаттарды заңсыз деп тауып, маған қатысты №10740001100036 қылмыстық істі қозғады. Тексеру кезінде құжаттарға бірнеше өзгерістер енгізілгенін ол анық білді, яғни, ол маған осыны айғақтайтын сұрақ берді. Аталған мәселелер бойынша менің жауап түсініктемелерімнің көшірмесі бар.
3. ҚР ҚК 209 бабы, 1 тармағының мазмұнына сәйкес, экономикалық контробанда - бұл кеден шекарасы арқылы ірі көлемде тауар не басқа да заттарды алып өту болып табылады:
Шын мәнінде барлық фактісі айдан анық - тауардың кеден шекарасынан өтуіне менің еш қатысым болған жоқ. Заттың Қазақстанға арнайы түрде жеткізілуіне Қытай аумағында тауарды жеткізуші көлік-экспедиторлық компаниялар қатысқан. Мен вагондардың кеден, СВХ, темір жол өкілдерінің қатысуынсыз жүзеге асырылғандығына таңғалдым. Бұл жағында мен ешқандай заңсыздыққа барған емеспін. Прокуратура қызметкерлері де мені осындай жағдайда тіркеген емес.
Мен тауармен келіп түскен құжаттарды қолыма алған және онымен танысқан емеспін. Онда кеден брокері кеден декларациясын тауармен түскен құжаттар негізінде жасаған. Кеден броекеріне құжаттарды беріп, оны кері қайтарып алған Кұсайынов Рахман болатын. Кеден брокерімен келісімшарт орыс тілінде жасалған және бұл келісімшарттың мазмұнын маған ешкім түсіндірген жоқ. Осының барлығын Кұсайынов Рахманның қатысуымен менен жауап алу кезіндегі хаттамалар мен беттесулер дәлелдейді.
4. Шын мәнінде менің атыма жіберілген телевизор қоятын подставкалар мен орындықтар кеден шекарасынан алып өту үшін арнайы ережелерді қажет ететін тауарға жатпайды.
5. 2010 жылдың 26 ақпанында Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прократурасының прокуроры Раманкул К.З. №10740001100036 қылмыстық істі қозғау туралы Қаулыда мынаны атап көрсеткен: «Осылайша, жеке кәсіпкер Бекжан Салжан Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы құжаттарды жалған жолмен жасап, жиһаз – орындықтар мен телевизор қоюға арналған үстелдерді ірі көлемде алып өткен». Оған қоса бұл қаулыда нақтылы айтқанда мен жасаған әрекеттердің қайсысы жалған әрекеттер екендігі, сондай-ақ, нақтылы қандай құжаттардың жалған екендігі көрсетілмеген. Менің ешқандай қылмыс жасамағаным және құжаттардың дұрыс екендігін дәлелдеу туралы сараптама жасалмады.
6). Маған қатысты қылмыстық істі қозғаған Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасы қызметкерлері жүкті рәсімдеуді жүргізген Алматы облыстық кеден қызметкерлерінің әрекеттеріне заңсыз деген баға берді. Сондай-ақ жүкті көрместен, Кұсайынов Рахманның қолындағы көзге көрініп тұрған қателерге қарамастан, «Акцепт-Терминал» АҚ қызметкерлері дайындаған кеден декларациясын да қатысты осындай пікірде. Мұндай жағдайда ең аз дегенде, іс экономикалық контрабанда фактісі бойынша қозғалуы керек еді. Алайда, тек қана жүкті қабылдап алушы болғандығымның негізінде маған қатысты қылмыстық іс қозғауға ешқандай заңды негіз жоқ еді.
Жоғарыда айтылып өткен заң бұзушылықтардан бөлек, материалды тексеру барысында қылмыстық істі қайта қарау кезеңінен кейін мынадай заңсыздықтарға жол берілген:
1. Не тексеру кезінде, не қылмыстық істі қарауға дейінгі кезеңде 2010 жылдың тамызының соңына дейін прокуратура қызметкері мен тергеудің өзі менің неге құқымның бар екендігі жөнінде қажет болса, қорғаушы қызметін пайдалана алатынымды түсіндірген жоқ. Мен қазақпын, Қытайда тудым, орыс тілін мүлдем білмеймін. Соған қарамастан, тексеру материалдары мен қылмыстық істі тергеу басынан бастап орыс тілінде жүргізілді. Мен өз құқығымды пайдаланып, қорғаушының қызметін талап етуіме болар еді. Мен қорғаушыдан бас тартқан жоқпын.
2. Тергеушінің сөзінен маған қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша бір сот-товароведтік сараптамасы жасалған. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 244 бабы, 1- тармағына сәйкес, сараптаманы тағайындаған кезде және оның өндірісінде сараптама жасалғанға дейін оның тағайындалғандығынан хабардар болуға құқылы және не туралы хаттама жасалып жатқандығын, сот сараптамасының белгілі бір органдарының қызметкерлерін сарапшы ретінде ұсынуға, сараптама кезінде сарапшыға түсініктеме беруге, сараптама қорытындысымен танысуына болады. Осылардың барлығы орындалған жоқ.
3. 26 ақпан 2010 ж. №10740001100036 қылмыстық іс қозғалған қаулысынан байқалғанындай, арыздарды тіркеу кітабында бұл материал 26 ақпан 2010 ж. №1 нөмірімен енгізілген, ал прокуратура қызметкерлері оны 24 ақпан 2010 жылы құрастырған. Менде «осы материал неге оны тексерудің басталуынан кейін 20 күннен кейін КУЗ-да тіркелген?» - деген сұрақ туады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 184 бабында қылмыс туралы арыз оны түсіргеннен кейінгі 3 күн ішінде қабылдануы тиіс. Бұл жерде осы мерзімді 10 тәуліктің ішінде ұзарту жағдайы есепке алынған, ал олай етпеген жағдайда, прокуратура қызметкерлері емес, тергеу бөлімінің бастығы 2 айға дейін ұзарта алады. Осы жағдайларды тексеруді өтінемін.
4. Мен бірде-бір рет прокуратура органдарының және қаржы полициясы тарапынан маған қатысты 26 ақпан 2010 ж.№10740001100036 қылмыстық тергеудің қозғалғандығы не тоқтатылғандығы жөнінен хабарландырылған жоқпын. Бұл Қазақстан Республикасы ҚІЖК 50 бабы, 4 тармағына сәйкес, заңның өрескел бұзылуы болып есептеледі. Онан бөлек, міне қазір 9 ай болды, күдікті ретінде ұсталып отырмын, ал бұл Қазақстан Республикасы азаматының құқықтарын аяққа таптау болып табылады. Қаржы полициясының қызметкерлері заңсыз түрде менің жеке басы куәлігімді тартып алды, 7 айдан бері солардың қолында. ҚР ҚІЖУ қарастырылғандай, мұндай әрекеттер менің құқығыма бас сұғу болып отырғандығын қадап айтамын.
5. Аталған қылмыстық істі қозғауға негіз болған нәрсе Қытайдан келген №24551665 және №24378333 вагондарынан қабылдап алынған жүктің дұрыс декларацияланбауы №53706/04020/0001688 жүк кеден декларациясы мен тауарға арналған құжаттарда жалған мәліметтер болған деген айыппен ұсталуы болып отыр. Мен 10 қыркүйек 2010 ж. аталған жүкпен бірге СВХ «Кедентранссервисте» 03 ақпан 2010 ж. қабылданып, жүкпен келген құжаттардың барлығы кейін білгенімдей, қолдан жасалған құжаттар болып отыр. Яғни мен өзімнің тауар жеткізушімнен электронды пошта арқылы экспорттық кеден декларациясының көшірмесін алдым. Бірақ олардың бірде-бірі қылмыстық істе көрсетілген құжаттармен сәйкес келмейді, мүлдем бөлек. Сондықтан мен осы қылмыстық іс бойынша барлық құжаттарға қайтадан сот-криминалистік сараптамасын жасауды өтінемін.
6. Менің телефоннан сөйлескен сөздерімді де тексерудің қажеттігі болмай отыр, ол тыңдалса, менің 04 ақпан 2010 ж. бұрын «Акцепт Терминал» АҚ кеден брокерлерімен, сондай-ақ, уақытша сақтау қоймасы СВХ «Кедентранссервис» АҚ өкілдерімен ешқашан сөйлеспегенім және олармен қарым-қатынасымның болмағандығы ашық көрінер еді.
7. 08 қыркүек 2010 ж. менің берген жазбаша ұсынысыма қарамастан, темір жол кассасынан менің атыма келіп түскен жүкке қатысты құжаттарды алған адамдардың қолы бар құжаттар алынған. Менің ойымша бұл нәрселер істің барысына көп ықпал етер еді.
8. Алдын ала тергеу органы Сабит деген екінші адамды іздеп табу жөнінде ешқандай шараға бармай отыр. Ол 04 ақпан 2010 ж. ұдайы Құсайынов Рахманның қасында болған еді, егер табылса, ол аталып отырған іске қатысты кейбір жайттар жөнінде, менің кінәлі еместігімді анықтауға оның берген жауабының септігі де тиер еді.
9. Тергеу органы жүктің құжаттарын тексеру үшін Қытай Республикасының халықаралық органдарына жіберу шараларын қолданған жоқ.
10. Қазіргі кезде мен сол елдің дипломатиялық органдары бекіткен сол құжаттарды Қытайдан өз бетімше алдыртуға тырысып жүрмін. Бірақ, оған уақыт керек, ал тергеу органдары мені айыпты деп тауып, істі сотқа жіберуге асығуда.
11. Тергеу органдары «Xinijiang Dematala Internotional Trading Co. LTD» және «KAZINTEX-GROUP» компанияларын тексермеген.
12. 04 ақпан 2010ж. «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасының СВХ АҚ маңында аумағында №0000015/0011 кеден қызметтерінің көрсетілгендігі туралы келісімшарт сараптамаға жіберілген жоқ. Онда сол жердегі «Акцепт Терминал» АҚ түрлі жұмысшылардың да қолы бар, сонымен бірге ондағы мөр мен баспалардың қойылуы да бірден көзге күдік ұялатады. Осылардың барлығы кеден брокерлерінің іс-әрекеттерінің заңды екендігіне күмән туғызады.
13. Прокуратура мен тергеу іске айтарлықтай ықпал ететін вагондарда болған материалдарға пломбыларының қойылуына тексеру шараларын қолданған жоқ. Яғни егер пломбылар бұзылған болса, онда тасымалдану кезінде тауарға кез келген нәрсе істелуі мүмкін. Осының өзі де менің айыпты екендігіме күмән тудыратын нәрсе.
14. Тергеуде аталған жүкке қатысы бар кеден жұмысшылары мен кеден брокерлеріне қатысты материалдар үшін бөлек өндіріс ашу көзделіп отыр. Мен мұнымен үзілді-кесілді келіспеймін. Себебі бұл материал аталған іс аясында ғана қаралуы тиіс. Яғни, тексерудің нәтижесі мен соңы менің әрекеттерімнің де оң екендігіне әсерін тигізе алады және кеден қызметкерлері мен кеден брокерлеріне қатысты материалдарды бөлек ұстау процессуалды заңнамаға қайшы келеді.
15. «Акцепт-Терминал» АҚ сұрау жіберген жоқ, және 04 ақпан 2010 ж. осы фирмада Камри автокөлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген адамды табуға да әрекет жасалмай отыр. Одан жауап алу Динара есімді кеден брокерінің «Кедентранссервис» АҚ маңайына өз аяғымен келіп, келісімшартқа қол қойғызғанын дәлелдеген болар еді. Мен сол жүргізушінің мәшинесінде отырып, брокерлік қызметтер үшін жасалған келісімшартқа қол қойғанмын.
17. Тергеуде менің өтінішіммен уақытша сақтау қоймасының (СВХ) «Кедентрассервис» АҚ маңында көмектескен Қайран Әліпбектен және басқа барлық жүк тасушылардан жауап алынған жоқ. Олардан алынған жауап менің айтқандарымды растар еді.
Айтылған жайттардың негізінде Сіздерден, осы мәселеге қатысты барлық фактіні тексеріп, Қазақстан Республикасы ҚК 209 бабы 1 тармағында қарастырылғандай менің қылмысқа қатысымның жоқтығына байланысты, №10740001100036 қылмыстық істі тоқтатуларыңызды өтінемін.
Алматы облыстық ЭСЖҚКД МРУ тергеушілері жоғарыда айтылған істі тергеу барысында Қазақстан Республикасы Конститутциясында қарастырылған заңға сәйкес менің құқығым мен еркіндігіме нұқсан келтірерліктей көптеген заң бұзушылыққа жол беріліп отырғандығына Сіздердің назарларыңызды аударғым келеді.
1. Жоғарыда аталған істі тергеу бірнеше рет тоқтатылғандығына және /үш рет/ қайта қаралғандығына қарамастан, ҚІЖК 50 бабы, 4 тармағы бойынша заң бұзуға жол берілгендігін қаржы полициясының тергеушілері бұл туралы маған бірде-бір рет жеткізбеген. Сондықтан, мен ҚР ҚІЖК 109 бабы, 1 тармағында қарастырылғандай, тергеушілердің бұл іс-әрекетіне сот тәртібі жағдайында шағымдану құқығынан айрылдым.
2. Қылмыстық істі қандай жағдайда тоқтату керектігі туралы ҚР ҚІЖК 50 бабы, 1 тармағында көрсетілген. Тергеуші Бегенов Б. №10740001100036 қылмыстық істі екі рет тоқтатқан. Себептері түсініксіз.
3. Аталып отырған №10740001100036 қылмыстық іске қатысты ҚР ҚПК 244 бабы, 1 тармағы 1-6 тармақшаларының бұзылып, қазіргі кезде бір сот сараптамасы жүргізілді. Бірақ қаржы полициясы тергеушілері оның қорытындысымен мені әлі таныстырған жоқ. Мен өз құқығымның қорғалу мүмкіндігінен айрылып отырмын;
4. №10740001100036 қылмыстық іс менің үстімнен жүк арту үшін құжаттарды қолдан жасаған деген күдікпен қозғалған болатын. Соған қарамастан, бұл құжаттардың түпнұсқа немесе жалған қолдан жасалғандығы жөнінде ешқандай сот сараптамасынан сарапшының қорытындысы жасалған жоқ. Бірақ, прокуратура қызметкерлері мен қаржы полициясының тергеушілері тексерудің бірінші күнінен-ақ, қылмыстық істің тергеу барысында бұл құжаттардың неше түрлі өрескел қателер мен әлде кімдер жағынан түзетулерге ұшырағанын көріп, білген. Алайда, менің жүк артуға арналған құжаттарымның жалған не түпнұсқа екендігін анықтайтын сот-криминалистік сараптамасын тағайындау керектігін талап етіп, тергеуші К.Б.Есенжұмаевқа тапсырған 2010 жылғы 10 қыркүйектегі талап-тілегім ескерілмеген және тергеуші К.Б.Есенжұмаев тарапынан оған ешқандай жауап берілмеген.
5. Қылмыстық іс қозғалған сәттен, яғни 26 ақпан 2010 жылдан бастап, қазірге дейін 9 ай бойы күдікті ретінде танылып, үй қамағында отыруыма байланысты менімен бірге тұратын кәрі әкемнің жүйкесіне зақым келіп ауруға шалдықса, аяғы ауыр әйелім түсік тастады. Отбасымыз күйзеліске ұшырады. Күнделікті күнкөріс қамынан айрылдым.
6. Қаржы полициясының қызметкерлері заңсыз түрде ешбір құжатқа сүйенбей-ақ, менің жеке куәлігімді тартып алды. ҚР азаматы ретінде құқығым мен еркім аяққа тапталды.
7. 16 қыркүйек 2010 жылы мен тергеуші К.Б.Есенгужаев арқылы тергеу іс-әрекеттерімді қайта жүргізу жөніндегі барлық талап-тілегімді /көшірмесі бар/ тапсырғанмын. Ешқайсысы қанағаттандырылған жоқ.
8. Тергеуші К.Б.Есенгужаев 26 тамыз 2010 жылы бұрын Бегенов Б. тоқтатып тастаған аталған қылмыстық істің өндірісін бастаған, алайда, 18 тамыз 2010 жылға дейінгі 7 күн аралығында қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізіп, екі беттестіру жүргізген /Д.О. Жусанбаева мен С.Бекжанның арасындағы және Ж.Мырзахметова мен С.Бекжанның арасындағы/. Оған қоса, 20 қыркүйек 2010 жылы тергеуші А.О.Есенгужаев бірнеше рет менің Междуреченск ауылындағы үйіме келіп, өзім жоқ кезде маған тергеу жүргізбек болған. Мұны менің отбасымның мүшелері /әкем мен әйелім/ растай алады. Егер тергеу әрекеттері 18 тамыз 2010 ж. бұрын басталған болса, онда тергеу уақытын созбастан, 20 қыркүйек күні мені Междуреченск ауылына іздеп келіп, тергеу жүргізудің не үшін керегі болды? ҚР ҚІЖК 266 бабы, 3 тармағына сәйкес, іс бойынша тергеу әрекеттері өндірісі тоқтатылған уақытта жүргізілуге тыйым салынатындығын ескерулеріңізді өтінемін.
9. №10740001100036 қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеу өндірісі 9 ай ішінде бірнеше рет тоқтатылып, қайта басталып отырған, осыған орай ҚР ҚК 209 бабы, 1 тармағына сәйкес басталған бұл қылмыстық іс алдын ала анықтау ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің баптарына жатқызылады. 25 қыркүйек 2010 ж. Алдын ала тергеудің мерзімі аяқталған /тергеуді қайта бастаған 26 тамыз 2010 ж. кейін/, алайда, қаржы полициясының тергеушісі А.О.Есенгужаев 19 қазан 2010 ж. алдын ала тергеу мерзімін ұзартпастан, тергеу ісін жалғастырған, бұл ҚР ҚІЖК 96-бабының талаптарын өрескел бұзу болып табылады. №10740001100036 қылмыстық ісі 26 ақпан 2010 ж. басталған. Тергеу өндірісін 08 сәуір 2010ж. тергеуші Б.Бегенов бастаған және алдын ала тергеу өндірісін ол 25 сәуір 2010ж. тоқтатқан, тергеудің екі айлық мерзімі өтіп кеткен. Тергеуші А.О.Есенгужаев 26 тамыз 2010 ж. аталған қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу өндірісін қайтадан бастаған. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей – екі /Д.О. Жусанбаева мен С.Бекжанның арасындағы және Ж.Мырзахметова мен С.Бекжанның арасында/ беттесуді жүргізген. 18 тамыз 2010 ж. /беттестірулердің хаттамаларының көшірмелері бар/ 27 қыркүйек 2010 ж. аталған қылмыстық іс менің Оңтүстік-Шығыс аумақтық көлік прокуратурасына түсірген шағымым бойынша талап етіліген, яғни тоқтатылған қылмыстық істі қайта қарағаннан кейінгі бір айлық тергеу мерзімі 25 қыркүйек 2010 ж. біткен. Осыған қарамастан, тергеуші К.Б.Есенгужаев Оңтүстік-Шығыс аумақтық көлік прокуратурасынан қылмыстық істі қолына алғанға дейін, және алдын ала тергеу мерзімін ұзартпастан, 19 қазан 2010 ж. сағ.18.00-де мені жауап алуға шақырып алып, әңгіме барысында аудармашы шақырмай-ақ, және прокуратура берген бұйрықсыз-ақ, мені сол күннің өзінде /жүктің құжаттарының дұрыс-бұрыс екендігін сот сараптамасын жүргізбестен/ айыпты етіп шығара алатынын айтты. Мен онымен келіспейтінімді, егер ол маған айып тағатын болса, онда мен де айыпталушы ретінде қаулыға қол қоюдан бас тартатынымды және оның прокурордың сараптама өткізу жөніндегі орындамағандығына қоса, маған аудармашы шақырудан бас тартқанын, алдын ала тергеудің мерзімін ұзартпағанын сараптама қорытындысының материалдарымен мені таныстырмағанын және ең бастысы – қылмыстық іс бойынша маған айып тағатындай ешқандай нақты айғақтың жоқ екенін айттым. Сонымен қатар, осы сәтте мен өз қорғаушым Т.М.Данабаевтан тергеуші К.Б.Есенгужаевқа олар мені айыпты деп тапса, онда мен өз қорғаушым Т.М.Данабаевтың маған қатысты айыптау қаулысына қол қоймауын өтіндім.
Әлде кімдермен кіріп-шығып неше мәрте, орысша сөйлесіп, күбір-сыбырын аяқтаған соң, мені де қорғаушым Т.М.Данабаевты да таныстырмастан, белгісіз бір құжатты жасап шықты. Осыған қоса Сіздерден өзімнің қорғаушым Т.М.Данабаевтан егер мені шын мәнінде қазір айыпты деп шығарса, тергеуші К.Б.Есенгужаевқа Т.М.Данабаевтың қаулыға қол қоюына рұқсат етпейтінімді айтқанмын, бірақ қорғаушым Т.М.Данабаев маған егер, мені тергеуші К.Б.Есенгужаев айыпты деп табатын болса, онда қаулыға бірден қол қоятынын айтқанын ескерулеріңізді өтінемін. Бірақ тергеуші К.Б.Есенгужаев маған 19 қазан 2010 ж. ешқандай айып таққан жоқ. Сол күні кешке ол қатты асығып тұрды, яғни телефонмен біреумен кездесуге барамын деп келісіп жатты, бізді тез қайтарып жіберді. ҚР ҚІЖК 209 бабы, 3 және 4 тармақтарында айыпталушы ретінде жауапқа алынған адамда тергеуші айыпталушы мен оның қорғаушысына айыпқа тартылуының себебі мен мән-жайын түсіндіруі керектігі атап көрсетілген. Онан басқа, ҚР ҚІЖК 209 бабы, 7 тармағына сәйкес, тергеуші айыпталушыға айыпқа тарту жөніндегі қаулының көшірмесін беруі тиіс. Тергеуші К.Б.Есенгужаев 19 қазан 2010 ж.мені айыпталушы ретінде маған және менің қорғаушым Т.М.Данабаевқа қаулының көшірмесін берген жоқ және менен айыпталушы ретінде жауап та алған жоқ. Мен тергеуші К.Б.Есенгужаевтың жасап отырған қылығын, яғни алдын ала тергеу мерзімінің бітуіне байланысты оны ұзартпауы арқылы, кез келген іс-әрекетке баруын қылмыстық-процессуалдық заңнаманы және менің құқықтарымды өрескел түрде бұзғандық деп есептеймін.
10. №10740001100036 қылмыстық ісін қарап, оны тергеудің барысы, мен мүлдем білмейтін орыс тілінде жүргізілгенін тағы бір мәрте естеріңізге саламын.
11. №10740001100036 қылмыстық ісін тергеу мен тарапынан тым біржақты және менің жеке азамет ретіндегі құқықтарым мен еркіндігіме қол сұға отырып жүргізілуде. Алматы облыстық кеден басқармасы мен «Акцепт Терминал» АҚ кеден брокерлік ұйымы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ешбір тексеру жасалмай, оларға ешқандай құқықтық баға берілмей отыр. Сондай-ақ, осы құжаттармен жұмыс істеген өздері «Кедентранссервис» АҚ уақытша сақтау қоймасының (СВХ) кассасында жүкке құжаттарды алған Сабит және Құсайынов Рахман деген азаматтар жауапқа тартылмай отыр. Олар жүгі бар екі вагонды да көзден таса етуді ұйымдастырғандар. Менің түсінуімше, аталған іс бойынша тергеуші К.Б.Есенгужаев оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасының бұйрығын тиісті деңгейде орындағысы келмей отыр.
Жоғарыда атап өткен жағдайлардың негізінде Сіздерден, мен мәлімдеп отырған фактілердің бәрін тексеріп, №10740001100036 қылмыстық ісін толықтай жан-жақты және объективті түрде ақ-қарасын айырып, істің шын сырын ашуға ықпал етулеріңізді және қабылданған шаралар туралы маған хабар берулеріңізді өтінемін. Әуелі бір Алладан, екінші Сіздерден жәрдем сұраймын!
Салжан Бекжан, ҚР азаматы,
(Қорғаушысы Данабаев Т.М-да
аталған фактілерді растап, шағымға қол қойған).
Алматы облысы, Іле ауданы
Междуреченск аулы,
Целинная к-сі, 18 үй,
моб.тел. 7 702 978 01 91
қараша 2010 жыл