Деннің саулығы – салауаттылық негізі
2016 ж. 04 наурыз
2839
0
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бірақ, адам ағзасын арбаған ауру түрлері де азаяр емес. Ақ желеңді абзал жандар да адам жанының арашашысы ретінде өз міндеттеріне адал қарауға тырысады. Сайлау науқаны кезіндегі үгіт-насихат шарасы аясында «Ақ жол» партиясының өкілі Меруерт Қазбекова Көкшетау қаласындағы ардагерлерге арналған емханада болып, дәрігерлер қауымымен кездесті. Ол өзінің сөзінде партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді. Ақжолдықтардың қандай келелі мәселелерге жан-жақты назар аударып отырғандары да тілге тиек етілді. Әсіресе, бизнесті дамытудың жаңа бағыттары жөнінде тұшымды пікірлер білдірілді. «Ақ жол» партиясы өмірдің барлық саласына араласуға ден қойып отыр. Экономикалық даму жайына да, әлеуметтік саланың өркендеуіне де атсалысуға тырысады. Міне, бүгінгі кездесуде осы жайлар көбірек ауызға алынды. Сонымен бірге, дәрігерлерді әлеуметтік қорғау бағытында партияның ұстанымдары қандай деген сауал да ортаға салынды. Әсіресе, дәрігер мамандарды көбірек даярлау күн тәртібінде тұрғаны да айтылмай қалмады. Аталған емхананың бас дәрігері «ақжолдықтардың» алдағы сайлаудағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы. qazaquni.kz