​Партиялардың сайлау бюллетенiндегi ретi анықталды 

Ak jol Sailaukom 3
фотолар: Бауыржан Жуаспаев
 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында жеребе арқылы саяси партиялардың сайлау бюллетенiндегі реті анықталды
Жеребе тарту рәсiмiне партиялық тiзiм ұсынған барлық саяси партияның өкiлдерi қатысты. "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы төрағасы Азат Перуашев таңдаған конверттен "3" саны шықты. Сонымен,  "Ақ жол"  партиясының  сайлау бюллетеніне жазылатын  реттік нөмірі -3 Жеребе қорытындысына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызында өтетiн сайлауда бюллетендегi партиялардың ретi келесiдей болады: 1. «Нұр Отан» партиясы. 2. Қазақстан Коммунистiк халық партиясы. 3. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 4. «Бiрлiк» саяси партиясы 5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 6. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Сайлауға қатысу - әркімнің азаматтық парызы екенін еске саламыз. qazaquni.kz Ak jol Sailaukom 4