9 ақпан күні Астанада өткен Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистерге өзінің қорқынышы туралы сұрақтарға жауап беріп, ештеңеден қорықпайтынын мәлімдеді.
«Әкімнің қорқыныштарына келетін болсақ. Біз, әкімдер, ештеңеден қорықпайтын адамдармыз. Екіншіден, мен тұрақты түрде баспасөз өкілдерімен тілдесіп тұрамын», - деді Бозымбаев.
Кездесулерге қатысты әкім тұрақты түрде БАҚ өкілдерімен бас қосатынын алға тартты. Соңғы кездесуінде ол журналистермен сайлау кезеңін талқылаған екен. Оның айтуынша, осы кезеңде түрлі арам ниетті адамдар пайда болады.
Әкім БАҚ өкілдеріне сайлау кезінде абай болып, ешқандай арандатушылық материалдар жібермеуге, сайлаудың демократиялық түрде өтуіне септік болуға кеңес берді.