Президент әлеуметтік желілерді маңызды пікірталас алаңы санайды
2016 ж. 27 қаңтар
2694
8
Ақорданың фейзбуктағы парақшасында Президенттің баспасөз-хатшысы Дәурен Абаев; «Құрметті достар! Ақорданың фейзбуктағы парақшасының жазылушыларының саны 10 мыңға жеткенін қуанышпен хабарлаймыз. Біздің әлеуметтік желіде жазған түрлі жазбаларымызбен бөлісіп, пікір білдіріп, қызығушылық танытып жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз! Біз әрқашан өздеріңізбен тығыз байланыста болу арқылы ғана түйінді мәселелерді шеше аламыз. Елбасының уақыты қанша тығыз болса да, әлеуметтік желілердегі маңызды деген ақпараттарды қарап, хабардар болып отырады. Ол әлеуметтік желіні қоғамдық пікірталасқа арналған маңызды алаң деп есептейді» - деп жазды.