Ғани Нығметов: Қазіргі Парламент өз миссиясын орындады
2016 ж. 13 қаңтар
2207
6
«Халықаралық бағдарламалар орталығы»АҚ президенті, «Болашақ» бағдарламасының əкімшісі Ғани Нығметовтың пікірінше, қазіргі Парламент өз миссиясын орындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүгін жаңалықтардан естіп жатқанымыздай, депутаттар Президентке кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс айтыпты. Өз басым бұл шешімді қолдаймын. «Болашақ» стипендиясының түлегі ретінде, жас азамат ретінде мен бұл шешімді қолдаймын. Бүгін дүниеде, жалпы, жаһандық экономикада болып жатқан құбылыстарға бұл дұрыс жауап. Өздеріңіз білесіздер, əлемдік саясат пен экономикадағы қолайсыз жағдайларға төтеп беру үшін Президент Ұлт жоспары - 100 нақты қадам бағдарламасын ұсынған. Міне, осы 100 нақты қадамды тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Парламент керек. Парламентке осы экономикалық проблемаларды жақсы түсінетін, реформаларды қолдап, оны іске асыратын жаңа депутаттар керек. Сондықтан, уақыт жоғалтпай, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізіп, Парламентімізді жасақтап алуымыз керек», - деген пікірін білдірді Ғ. Нығметов.
Оның айтуынша, қазіргі Парламент өз миссиясын орындады. Өйткені, 80 заң қабылданды. 1 қаңтардан бастап, 100 нақты қадамды жүзеге асыратын осы заңдар күшіне еніп отыр. Бұл заңдар мен реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа үкімет, жаңа парламент керек.«Сайлаудың басты мақсаты – жаңа депутаттар сайлау. Мəжіліске жаңа партиялар, жаңа депутаттар керек. Қарапайым азамат ретінде, ел дамуына үлес қосады деген депутаттарды сайлауға мүмкіндік туып отыр», - деп ойын қорытындылады Ғани Нығметов.
qazaquni.kz