Алдағы 5 жылдағы жоспарды облыс әкімі мен облыстық мәслихат депутаттарына таныстырған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жуырда концепцияны қалалық депутаттарға таныстырды. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында шаһар басшысы осы субұрқаққа қатысты тоқталып өтті. Өз кезегінде депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Әзірге жаңа нысанның кескіні белгісіз.
«Қызғалдақ» субұрқағы шымкенттіктер үшін 2010 жылы қала күні қарсаңында сыйға тартылған керемет нысандардың бірі еді. Оның құрылысына 52 млн теңге жаратылған болатын. Қаржы қаланың бірқатар кәспкерлерінің қалтасынан шықты. Яғни, субұрқақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске қосылған-ды. 117 мың гектардан астам жерді алып жатқан алып Шымкентте субұрқақ салатын басқа орын аздай 52 млн теңге жұмсалған нысанды қайта жаңарту кімге тиімді болды екен?