Әлем картасында тәуелсіз Күрдістан мемлекеті пайда бола ма?!.
2015 ж. 03 желтоқсан
6285
0
Күрдтердің нақты саны белгілі емес, 10-30 миллион адам аралығында деп айтушылар бар. Көбінесе Түркия, Ирак, Сирия, Иран елдерінде қоныстанған, ол да тайпалардың құрамасы, кейбір ғалымдар оларды парсылармен туыс етіп шығарса, кейбірі армьяндармен жақындатып қояды, ал Түркиядағы кейбір түріктанушы ғалымдар болса күрдтердің бір бөлігі күрд тілін қабылдаған түрікмен (түрік) тайпаралары, яғни арғы тегі "түрік" деп шығарып жатыр.
Күрдтердің басым бөлігі мұсылман ішіндегі сунниттің шафиғи тармағынан, ханафи емес, өте аз бір бөлігі алауит болуы мүмкін. Менің білуімше тарихта ешқашан да күрд мемлекеті жеке тәуелсіз ел ретінде болған емес, ылғи да халифаттың, соңынан Селжұқ және Осман патшалықтарының құрамындағы өлке ретінде болған. Мың жылға жуық түріктермен қыз алысып, қыз беріскен күрдтермен ешқашан да маңызды көлемді шайқастар, соғыстар болмаған.
Алайда АҚШ бастаған империалист елдердің Орта Шығыс елдері туралы жоспарлары үдеп келе жатқандықтан, кезекті құрал ретінде, шымшуыр ретінде осы күрдтер сахнаға шығарылған секілді.
1984 жылы күрд террор ұйымы шабуылдарын бастады, олардың мақсаты жоғарыда аталған 4 елдегі "күрдтерге" тиісті жерді бөліп алып, "Күрдістан" мемлекетін орнату, бұл қысқасы, бірақ оның ар жағында тағы да жоспарлары бар сияқты. Бір жағынан мұнай мен газ көздерін бақылау, ал, екінші жақтан Израил мемлекетінің қауіпсізідігін қамтамасыз етіп, оған экспансиялық мүмкіндік беру үшін империалистер осы күні курд картасын қолдануда...
Мұртаза Бұлұтай,
Фейсбук парақшасынан алынған.
qazaquni.kz