Ортақ валютаны жақтаған коммунист Қоңыров Ресейдің депутаты ма?
2015 ж. 22 қараша
2908
2
Өткен аптада Ресей Думасының депутаты Слуцкийдің ортақ валютаға байланысты пікіріне Мәжіліс депутаттары да өз көзқарастарын білдіріп үлгерді. Мәулен Әшімбаев біздің биліктің "бұл мәселені ешбір қарастырып отырмағанын" айтып, ресмилеу жауап берсе, "Ақ жолдың" серкесі Азат Перуашев "Теңге -Тәуелсіздігіміздің басты белгісі, теңгеден айрылу- Тәуелсіздікке қатер! " деп өзінің үзілді- кесілді қарсылығын білдірді. Бір қызығы коммунист-депутат Айқын Қоңыров басқаларға кереғар пікір айтты. Оның ойынша, "экономикалық одақта болған соң ортақ валютаның болуы да жаман емес". Бір сөзбен айтқанда Қоңыровтың көзқарасы Думаның Слуцкийімен бірдей болып шыға келді. Құдды бір Қазақстан Мәжілісінің емес, Ресей Думасының депутаты дерсіз! Қолтығына кім су бүріккенін білмеймін, бірақ, Қоңыровтардың бұлай қоңырсытуы бекер емес деп ойлаймын. Коммунистің "бір тырнағы" ішінде екені рас-ау!
Арман СҚАБЫЛҰЛЫ,
qazaquni.kz