«Ақымақтар елі» - бақытсыз әйелдер елі
2015 ж. 05 қараша
3209
2
Кеңес Одағы әйелдерінің «жұлдызына» айналған Александра Михайловна Домонтович – бұрынғы орыс армиясы генералының қызы еді. Мектеп бетін көрмей-ақ, үйінде жүріп әріп танып, оқып үйренді. Он алты жасында-ақ үлкен-кіші демей, еркек атаулының кез-келгенімен төсек қатынасына түсіп, күллі елге «қызуқанды Шурочка» аталды. Оған ІІІ Александар патшаның жеке адьютанты Тутомлин сөз салып, әке-шешесі оған қуанып, «ұзатамыз» дегенде, «маған күйеудің керегі жоқ, қай еркекті қалаймын сонымен жатып жүре беремін» деп қарсылық танытқанда шешесі естен танып, әкесі жүрек ауруына ұшырайды. Бәрібір ата-анасы еңіреп, жалынып, соңынан Владимир Коллонтай дегенге қосады. Үйде шаңырағына шаттық сыйлап, құлдыраңдаған баласының тәтті күлкісін аңсамайтын қатынға отбасында отыру нағыз бақытсыздыққа айналды. Алланың жаратқан еркек пен әйелдің ең ыстық нәзік сезімін, махаббатын, ақ некесін, «ақымақтардың әйелдерді отбасына байлап, құл қылып ұстау үшін ойлап тапқан құйтырқы ісі» деп келеке етіп жүрді. Ол «бір еркекпен ғана төсекте жату, өмірді қор ету» деп, күйеуі жұмысқа кеткенде оның досы Александр Саткевичпен ашық түрде ашыналық жасады. Көп уақыт өтпей 1898 жылы бұл екеуінен де жалығып, шетелге кетеді. Бұл кезде Еуропада Клара Цеткин мен Роза Люксембург деген әйелдер жезөкшелерді қорғап, «олардың да адамдар сияқты мемлекеттен көмек алуға, заңды құжатталуына құқы бар» деп, көшеге шығарған. Ұрып-соғып, қуып таратылған «8 наурыз» күнін әйелдердің қорланған күні ретінде атап өту үшін, оларды қайта-қайта митингіге алып шығып, батыс баспасөзін шулатып жатқан кез. Коллантай: «Ресей дамымаған, өркениетке жетпеген, әйелдерді билікке жібермейді, қорлап ұстайды» деген мақалалар жариялап, жезөкшелер ортасында «күрескер әйел» атанып, қалаған еркектерімен «бақытты» өмір кешіп жатады. Еуропада өздерін «революционер» атаған қарақшы, алаяқ, ұры-қары, террористік топтардың көсемдері Поль Лафарг, Карл Каутский, Георгий Плеханов, Владимир Ульянов (Ленин) тобының белді мүшесі болады. Орыс империясы Коллантайға Ресейге келуге тиым салады. Террористік топтың Петр Маслов пен Александр Шляпников сияқты екі мүшесінің бірдей қатынына айналады. Бүгін біреуімен, ертең екіншісімен кейде бір мезгілде екеуімен төсектес болады. Өздерін «большевиктер» деп атаған бұл топ «Ресей патшасын өлтіреміз, езілген халыққа бостандық әпереміз» деп неше мәрте патшаға, биліктегі министрлер мен атақты зиялы жандарға қастандық әркет жасаумен айналысады. Буржуаздардың Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясын естісімен бұл топ Петерборға шұғыл оралады да қарашада қарақшылықпен Ресей билігін басып алды. Ұры- қарылар билікке келгенде міндетті түрде әйелдерді пайдалану- заңдылық. Соларды мақтап билікке шығарып, солардың арқасында елді тонайды, қарсыластарын өлтіреді. Александра Коллантай мыңдаған жұмысшылар мен солдаттар алдында, «әйел бостандығы» туралы сөйлеген сөзін сайқымазақ ретінде қабылдаған тобыр, улап-шулап қолпаштап отырады. Ол одан сайын еліріп, есіріп ашық кетеді. Ақырында солдаттар оны, «біздің Саша «революцияның секс гүлі» деп «қолдан қолға» алып кетеді. Көп өтпей қырық бес жастағы Коллантай, Балтық флотының матросы, жиырма сегіз жасар сотқар Дыбенконың ойнасына айналады. Коллантай 1917 жылы Мәскеу қаласында зауыт жұмысшылар мен қызыл әскерлер алдында: «Әйелдердің бір еркекпен ғана некеге тұрып, оған тәуелді болуы – әйел бостандығын қорлау. Революцияның мақсаты әйелдерге бостандық әперу. Сондықтан әйелдер қалаған еркегімен болып, ұнатпаса тастап кете алады. Бала туғысы келе ме, келмей ме оны әйел шешу керек» деп оттайды. Ленинмен де төсектес болып жүргендіктен Революциялық үкіметтің құрамына кірген жалғыз қатын болды. Ленин оны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындайды. Министр болысымен 1917 жылы 19 желтоқсанда еуропалық азғын, философсымақ Фрейдтің ілімін негізге алып, әйелдер; еркектерге экономикалық, жыныстық тәуелді болмау үшін; «Әйел теңдігі», «Некені бұзу», «Азаматтық неке», «Некесіз туған баланың құқығын заңды туылған баламен теңестіру», «Некенің күшін жою», «Гомосексуал болғандығы үшін жазалаудың күшін жою сияқты заңдар жинағын дайындап оған Ленин қол қойып, қабылдайды. Сонымен қатар «түсік тастау еркіндігі» – «свобода абортов», «Гомосексуализм», «жастардың жыныстық қатынастағы еркіндігі» – «молодежные (сексуальные) коммуны», «балаларды ұжымдық түрде тәрбиелеу» – «коллективное воспитание детей» сияқты ережелер қабылдатып үлгереді. Бұл заңдар мен ережелерді қуана қолдаған Троцкий Ленинге жазған хатында: «Ресейде әйелдерді жынысына бөліп қорлайтыны, әйелдер экономикалық, жыныстық қатынаста еркекке тәуелді екені рас. Отбасы да буржуазия билігі сияқты «іріп шіріген» институт. Біз бұны жоюымыз керек» депті қаныпезер. (Отбасы институты - дегеніміз ата-ана бала-шағасымен бақытты тұрмыс құрғанды айтады.) Әрқашан министр Коллантай, жүрген жерінде жиын, мәжілістерде әйел көрсе: «Күйеуің бар ма? ол мал, (скотина, сволочь) саған қол көтеретін шығар, сені қорлайтын шығар. Неге еркін азат болмайсың, қайдағы бір оңбағанға қор болғанша маған ұқсап шалқып жүрмейсің бе» деген сияқты хайуандық әркеттерге үгіттеп, намыстарына тиіп отырды. «Молодая гвардия» журналына жыныстық қатынас туралы доктринасын жариялап, соңына; «Комсомолдар мен комсомолкалардың бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуі – шөлдегенде ішетін бір стакан су сияқты, шөліңді басып жүре беретін қарапайым болу керек» деп жазды. Арасында өзі де болған 1914 жылы 8 наурыз күні Данияның астанасы Копенгаген қаласында, сайлауға қатысу «құқықтарын» қорғап, шеруге шыққан жезөкшелерді полицейлер қуып таратады. Өйткені қоғам оларға ең төменгі «азғындар» ретінде қарап жиіркенетін. Кеңес Одағына билік басына келген соң басқа елдер тойламайтын сол күнді «әйелдердің теңдік үшін күресі» деп «8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы» деп енгізеді. «Новая мораль и рабочий класс», «Дорогу крылатому Эросу!», «Любовь пчел трудовых» сияқты азғындыққа шақыратын жүздеген мақалалар жариялап, кітаптар жазды. Алғашқыда халық оған, «ақымақ қатын» деп күле қарады. Бірақ «Коллантайдай атақты әйел боламыз» деп армандаған комсомол хатшысы, партком хатшысы, комиссар, бастықтың хатшысы болған қыздар білім, ғылымымен, талантымен емес ойнастық жолымен билікке жетуді мақсат етті. Еркектерде көрінген қатынға «шауып» отбасын ойрандап, бала-шағаны жетім етіп, қоғам бұзылып, революцияның атына кір келіп, мазаққа айнала бастаған соң, халық Лениннен Коллантайды биліктен аластауды талап етті. 1922 жылы Коллантайды «гендерлік саясатымен» танымал Норвегия мен Швецияға елшілік жұмысқа жіберді. Арасында Мексикада елші болған ол, әлем бойынша «бірінші министр, бірінші елші – әйел» атанды. Үстіне былғары тон, алтын мен гауһарға көміліп, ұнатқан еркектерімен сайраңдап жүрді. 1922-1930 жылдары Кеңес үкіметі «заңсымақ» пен ережелеріне; «Біздің елде секс жоқ. Жастар бойындағы қуатын секске жұмсамауы керек. Секс жастардың оқып білім алуына, жұмыс істеуіне, социалистік қоғам құруға зиян келтіреді» деп тоқтау салды. Әр еркекпен өмір өткізген сорлы әйел 1942 жылы мүгедек болып арбаға танылды. Он жыл бойы ауыр азап, қорлықпен өмір сүрген жалғыз басты 1952 жылы арам өлді. Кеңес халқы мен шетелдік басылымдар оны; «Александра Михайловна» деп атамай; «Революцияның салдақысы», «Демон 8 марта», «Елші киімін киген жәлеп», «Саясаттағы салдақы» деп атады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында, адамзат жаратылып ес жиғалы әйел затын ең төменгі былғаныш, дәрежесіне түсірген, «бірінші әйел» болды. Шетел саясаткерлері Коллантайды «Өте ақылды, алғыр» деп өтірік мақтап, елдеріне барған соң; «Кеңес Одағының революциясын салдақы қатындар мен ұры-қары, жендеттер жасады» деп келекелеп мазақ етті. 1924 жылы Кеңес Одағы құрылып, 1991 жылы құлап қарасы батқанша, «Страна дураков» яғни «Ақымақтар елі» деп атады.
Тоғайбай Нұрмұратұлы
qazaquni.kz