Азат Перуашев: Қазақстандық мердігерлер мен компаниялардың мүдделерін қорғау - басты міндетіміз
2015 ж. 22 қазан
1849
1
[caption id="attachment_41632" align="aligncenter" width="500"] SONY DSC[/caption]
«Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев Қытай ұлттық мұнай корпорациясы халықаралық жобаларының (CNPC) бас директоры Ли Юсянмен және оның әріптестерімен бірге қазақстандық мердігерлер мен компаниялар қызметкерлері мүдделерін қорғау бойынша шараларды талқылады.
Кездесу Пекинде ҚХР «Бір белдеу, бір жол» Жібек жолын жаңғырту бойынша бастамасын талқылаған Азияның саяси партияларының халықаралық конференциясы шеңберінде өтті.
«Ақ жол» төрағасы әңгімелесу барысында, атап айтқанда, мұнай-газ саласының қазіргі уқыттағы қиын макроэкономикалық жағдайын түсінетіндігін білдірді. Бұл кезеңде Қазақстан басшылығымен инвестицияларды тарту және ел ішінде қолайлы іскери климатты құру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. «Ақ жол» партиясы өз алдына салықтық және салалық заңнамаларда, шешуші жүйеде бизнес-қауымдастықтар мүдделерін белсенді қорғауда. Қазақстан Парламенті өткен аптада ғана бизнестің құқықтық реттелуін жүйелейтін Кәсіпкерлік кодексті қабылдады. Бұның барлығы ұлттық бизнестің, сол сияқты араларында CNPC жобаларының көлемімен ерекшеленетін шетелдік инвесторлардың да жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған. Жалпы, компанияның Қазақстанға келуі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің инвестицияларды тарту және қытайлық көшбасшылармен достастық қарым-қатынас бойынша көпжылдық саясатының нәтижесі болып табылады.
Бұл арада «Ақ жол» партиясына жұмыс орындарының қысқартылуы жөнінде қазақстандықтар да, сол сияқты CNPC қытайлық бәсекелестермен еншілес кәсіпорындарды мердігерлер мен жабдықтаушылар қатарынан итеріп шығаруларымен безектеген отандастық мұнай-сервистік компаниялар да өтініштерін білдіреді.
Азат Перуашев осы орайда CNPC басшылығының назарын жұмыс орындары мен қазақстандық мердігерлерді анағұрлым сақтау қажеттілігіне аудартты.
Ли Юсян мырза өз алдына мұнай-газ саласының компаниялары жұмыс істейтін қолайсыз нарықтық конъюктурасын атап өтті. Оның айтуынша, CNPC Қазақстандағы еншілес компаниялардағы жұмыс орындарын сақтау үшін барлық жағдайларды жасауда.
Орталық кеңсе өндіріс көлемдерінің төмендеуіне байланысты, тіпті, адамдарды жөндеу не басқа жұмыстарға көшіруді ұсынады. Ол жалақыны төмендетеді, алайда, әрі қазіргі жағдайда маңызды болып табылатын, болашақта нарықты қалыпқа келтіру мүмкіндіктері айшық болмаған жағдайда адамдарды сақтап қалу мүмкіндігін береді. Мысал үшін Ли Юсян мырза CNPC президенті жалақысының 10 есе қысқартылғанын атап өтті.
Қазақстандық жабдықтаушылар мен сервистік кәсіпорындар мүдделеріне тоқталатын болсақ, онда Ли Юсян мырзаның сөзінше, CNPC қазақстандық заңнамалардан шыға отырып, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясымен өзара әрекет етеді.
Азат Перуашев мұндай тәсілдерді түсініп, қолдау көрсетті, алайда, мұнай кәсіпорындарындағы қытайлық инвесторлардың жұмыс орындарын қысқартулары бойынша мәліметті Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың аузынан естігеніне байланысты аталмыш жағдайды талқылауды ұсынды. Ал қазақстандық компаниялардың тендерлерде заңды мүдделерге немқұрайлықпен қарайтыны туралы деректер «Атамекен» ұлттық палатасы тұсындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте келтіріледі Тараптар келіссөздерді CNPC қазақстандық кеңседе жалғастыруға келісті.
«Ақ жол» ҚДП жетекшісі әңгімелесу соңында CNPC компаниясына қазақстандық экономикаға салған көпмиллиардты инвестициялары үшін алғысын білдіріп, жұмыс мәселелерінің жемісті шешілетініне сенімін артты.
Азат Перуашев Азияның саяси партияларының халықаралық конференциясы шеңберінде делегация жетекшілері құрамында ҚХР төрағасы Син Цзинпинмен және халық өкілдерінің Жалпықытайлық жиналысының (ҚХР парламенті) вице-спикері Ван Цзяжуймен кездесіп, бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
2015 жылғы 19 қазан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
qazaquni.kz