Лос-Анджелес соты Виктор Храпуновтың ісін қараудан бас тартты
2015 ж. 08 қазан
1634
0
Лос-Анджелес соты Алматы әкімдігінің Виктор Храпуновтың үстінен жазған арызын қараудан бас тартты.
АҚШ-тың тәртіп сақшылары бұл іс Швейцарияда қаралуы тиіс деп санайды. Олардың ойынша, атышулы істі тексеру Швейцарияға тапсырылуы керек.
Алматы әкімшілігі экс-әкімнен 300 млн доллар өндіріп, ел қазынасын толтырудан үмітті. Әкімдік арызды өткен жылы жолдаған болатын.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Храпунов мемлекеттік меншікті заңсыз сатып, жымқырылған қаражатқа Лос-Анджелесте жылжымайтын мүлік сатып алған.
Виктор Храпунов шу шыққаннан кейін қала әкімі қызметінен босатылған еді. Ол заңсыз түрде табиғаты қорғалатын жер телімдерін өз мүддесіне пайдаланған.
Жұмыстан қуылғаннан кейін шенеунік бірден Швейцарияға көшіп кетті. Ал Қазақстанда оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған.