Қостанайға жаңа әкім тағайындалды
2015 ж. 23 қыркүйек
1211
0
Қостанайдың жаңа әкімі болып Қостанай облысындағы ауылшаруашылық мәселелері бойынша әкімнің орынбасары Жақыпов Базыл Шамұханұлы тағайындалды.
Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Жаңа әкімді 23 қыркүйекте қалалық мәслихаттың сессиясында таныстырды.
Жақыпов Базыл 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1991 жылы Целиноградтың ауылшаруашылық институтында ғалым-агроном мамандығын иеленді. 2006 жылы Алматының Экономика және статистика академиясында қаржыгер мамандығын бітірді.
Қостанай облысының мемлекеттік органдарында әртүрлі басшылық қызметтер атқарған. 2009 жылдың ақпанынан бастап Меңдіқара ауданында әкім болды.
Ауылшаруашылық, жер қатынастары, табиғи қорлар, жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерін реттеумен айналысқан.
Еске салсақ, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов қазірүйқамаққа алынған. 8 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен Ахметбек Ахметжанов қызметінен босатылған еді. Қаланың бұрынғы әкімі лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталуда.
Дереккөз: NUR.KZ