«Кепіл берем» жобасын күдікті саяси идеяларға құрбан еткім келмейді.
2015 ж. 06 қыркүйек
2838
1
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Фейсбук желісінде 400 000-нан астам адам қолдау білдіріп отырған «Кепіл берем» жобасының саясатқа қатысы жоқтығы туралы мәлімдеді.
Еліміздегі оқиғалар мен қоғамдағы сенімсіздік бізді саяси шешімдердің сенімсіз соқпағына итермелейді. «Кепіл берем» жобасындағы өзімнің айқындамам мен идеологиямды басынан-ақ анықтап, түсіндіріп бергім келеді. Біз ешбір агрессивті мінезге лайықты емеспіз. Жеке басым агрессивті күрес жолымен ұзақ мерзімді бейбіт өмір орнатуға болатынына сенбеймін. Қанмен келгеннің барлығы қан болып қала береді. Сондықтан біздің жолымыз - өзіміздің айналамызда күн сайынғы позитивті өзгерістерне бағытталған сатылы даму жолы.
Мақсаттар туралы
Біз барлығын бірден түзетпек емеспіз. Біз қарапайым, түсінікті, нақты қадамдардан бастаймыз. Алайда, күн сайын. Біз қазақстандық өндірушілердің сапалы өнімін назарға аламыз, солардың болашағына жұмыламыз. Өндірушіден тұтынушыға дейін тауарлар қозғалысының жолындағы бөгеттерді алып тастамақпыз. Сапалы өнім өндіруші кәсіпорындарды қаржыландыру жүйесін жақсартпақпыз. Тұтынушыны қорғаймыз. Күнделікті өмірге әр сөзбен іс үшін жауапкершілік қағидаттарын енгіземіз. Өз ісімізге өзіміз жауап береміз. Саяси бағыттылыққа тәуелсіз түрде сындарлы және жасампаздықпен барлығына серіктестік көмек жасаймыз.