Қарағандыда ІІМ экс-басшысы Серік Баймағанбетовті колонияның еденін жалаңаш күйде жууға мәжбүрлеген.

ІІМ экс-басшысы, Қазақстанның Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетов Қарағандыдағы колонияда жалаңаш күйде еден жууға мәжбүр болған.
Шахтинск қаласының сотында бүгінде Қарағанды облысы қылмыстық департаментіндегі АК 159/6 түзету колониясының қызметшісіне қатысты сот отырысы өтуде.
Қызметші Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовке жәбір көрсетті деп айыпталуда. Бұрынғы шенеунік колонияда жемқорлық әрекеті үшін жазасын өтеген.
«Сотталушы Серік Баймағанбетовті түзету мекемесінің ішінде жалаңаш күйде еден жууға мәжбүрлеген. Соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 141-1 бабы бойынша «жәбір көрсеткені» үшін 3 жылға ортақ режимдегі түзету колониясында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз», – дейді мемлекеттік айыптаушы, Шахтинск қаласы прокурорының орынбасары Талғат Әлекпаев.
Айыптаушы АК 159/6 колониясының қызметкері зардап шегуші Баймағанбетовті 2013 жылдың қарашасында және 2014 жылдың сәуірінде екі рет жәбірлегенін айтуда.
Еске салсақ, Кеден комитетінің экс-басшысы Серік Баймағанбетов Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен 2013 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген болатын.
Ол $80 мың көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Президенттің 2014 жылдың 9 қыркүйегіндегі “Кешірім беру” туралы жарлығымен Серік Баймағанбетовтің жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 5 жылға қысқартылды. Сот оны мерзімінен бұрын шартты түрде босатқан.