Әкім аппаратының жетекшісі 8-ші қабаттан секіріп кетті
2015 ж. 21 тамыз
3623
1
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында әкім аппаратының жетекшісі Думан Әзімханов 8-ші қабаттан секіріп кетті.
Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне аудандық әкімдіктегі дереккөз хабарлаған.
«Қарқаралы ауданы әкім аппаратының жетекшісі Думан Әзімхановтың қазасы бізге өте ауыр тиді. Ол Қарағанлдыда іссапарда жүрген кезінде 8-ші қабаттан секірген», – дейді әкімдіктегі дереккөз.
Бүгінде қызметкерлің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда. Әріптестерінің айтуынша, ол аса ауыр дертке шалдыққанын естіген соң, мұндай қадамға баруы мүмкін. Оған лейкемия диагнозы қойылған.
39 жастағы шенеуніктің артында ұлы мен қызы қалды.
Дереккөз: NUR.KZ