Ахметжанов әлі отыр, екі "ЗАМы" парақор
2015 ж. 07 тамыз
2174
3
Екі бірдей жоғары лауазымды қызметкері тұтқындалып кеткен әкімдікте тіршілік әдеттегі қалпынан айнамаған. Қала басшысы қасында қалған жалғыз орынбасарымен уақытылы жұмысқа келіп-кетіп жүр. Ал қалған екеуі – абақтыда.
Бірі -13 миллион теңге пара алып жатқанда ұсталса, екіншісі -300 мың теңгені кабинетінде қалтаға баса бергенде қолға түсті. Тек мұнысын екеуі де мойындап отырған жоқ.
Сотта өздерін «сүттен ақ, судан таза» ұстап, әкімнің қасына қайта оралғысы келетіндіктерін де жасырмады.
“Қымбатты сот мырза, өз кінәмды мойындамаймын. Менің ойымша мәселенің анық-қанығына жету керек”, – деді Фрунзик Аракелян.
Дереккөз: КТК арнасы