Ким Чен Ын АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қарсы соғысқа дайындалуда
2015 ж. 31 шілде
2070
1
Корей Халық Демократиялық Республикасының лидері Ким Чен Ын Кальма базасында өткен әуе-қорғаныс күштерінің жаттығуында сөйлеген сөзінде АҚШ-пен және Оңтүстік Корея Республикасымен соғысуға дайындалу керек екенін мәлімдеді.
Фото: minval.az
Бұл туралы ЦТАК ақпарына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Жаттығу соғысқа дайындалудың, американ империалистерімен және олардың оңтүстіккореялық қуыршақтарымен есеп айырысудың бетбұрысты кезеңі болуға тиіс», – деп елдің әскерилері алдына міндет қойды деген Ким Чен Ын сөзін ras.kz келтірді.
Дереккөз: Nur.kz