Рамзан Қадыров соғысу өзінің басты арманы екенін мәлімдеді
2015 ж. 30 шілде
4464
0
РИА Новости ертең, 31 шілде күні жарық көруі тиіс Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен сұхбаттың анонстарын жариялады. Бүгін сол сұхбаттың үзінділері жария етілді. Сұхбат барысында Рамзан Қадыров өзіне бірнеше рет жасалған қастаңдықтар туралы айтты. Сұхбат барысында Қадыровты жақында ғана өлтіруге тырысқан топ туралы белгілі болды. Олар кімдер?
"Төрт ай бұрын маған қастаңдық жасалды. Мен бір нысанды тексергенмін. Сол жердегі құбырға бомбалар орнатқан. Бұл "Грозный теңізінің" айналасындағы инвестициялық аумақ еді. Мені жарып жібергілері келді", - дейді Шешенстанның басшысы.
Қадыровтың сөзінше, оны өлтірмекші болғандар Хамзат Битюкаевтың бандасына қарайтындар. Нәтижесінде солардың біреуі ғана тірі қалған, қалғандарын Қадыровтың күзет қызметі жойып жіберген.
Рамзан Қадыров өзін өлтіргісі келген адамдардың есімін де жасырмады. Олар - Аслан Битюкаев пен Доку Умаров.
Сонымен қатар, сұхбат барысында егер Қадыров Шешенстанның президенті болмағанда Ислам мемлекеті боевиктеріне қарсы соғысқа ойланбай аттанатындығын мәлімдеді.
"Соғысқа бар ынтаммен аттанар едім, бұл менің арманым. Жауынгер болу - әлемдегі ең мейірімді адам болу. Өмірдің мәні - өзіңді халық пен Алла үшін құрбандыққа шалу. Бұл бақыт", - деді Рамзан Қадыров.
qazaquni.kz