Серік Ахметов тергеуге 10 қарсылығын білдірді
2015 ж. 12 шілде
2411
3
Жемқорлық бағыттағы 6 факті бойынша қылмысқа барды деп күдіктелген бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметов қылмыстық істің 326 томымен танысуды аяқтады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Ахметов іс материалдарымен танысу барысында оған тағылған айыптардың заңсыздығын алға тартып, тергеуге 10 қарсылығын мәлім етті. Экс-министр барлық қарсылықтарын тергеудің әділ әрі сапалы жүргізілмеуімен байланыстырып отыр. “Расымен де Серік Ахметовтен біршама ескертпелер мен өтініштер келіп түсті. Олар қарастырылып жатыр. Егер Ахметов пен оның қорғаушыларының тергеу тарапынан қателік кетті деген сөздері расталса, бұл қателіктер түзетілетін болады”, — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері. Агенттік өкілдері барлық күдіктілер қылмыстық істің материалдарымен танысқанын және алдағы күндері істің 326 томы Қарағанды облысы прокуратурасына айыпты бекіттіру мақсатында жіберілетінін айтты. Қылмыстық іс Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіледі. Еске салсақ, тергеу бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметовті 6 қылмыс бойынша күдікті деп таныған болатын. Атап айтқанда, “Қызметтік бабын асыра пайдалану”, “Кәсіпкерлік іске заңсыз араласу”, 1 млрд 100 млн теңге көлемінде “бюджетті жымқыру”, $2 млн 400 мың көлемінде “пара алу”. Күдікті Қарағандыдағы өз жекежайында үй қамаққа алынған. Серік Ахметовтен өзге аталмыш істе Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, Сарань қаласының экс-әкімі Мұхтар Адамбеков, жер қатынастары бөлімінің экс-басшысы Ернар Дәрібеков, Қарағанды Тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің экс-басшысы Айдос Жәкенов, Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары Ғабит Мұхамбетов және басқалар күдікті деп танылған.Заметили ошибку на сайте? Нажмите Ctrl+Enter
Дереккөз: Nur.kz