Танымал отандық саясаткерлердің ұлдары (фото)

Саясат саласында жүргендер қашан да ел аузында. Олардың отбасы да халық назарынан тыс қалмайды. Елімізде саясаттың тұтқасын ұстаған танымал азаматтардың ұлдарын comode.kz басылымы тізбектеді.

1

Нұрәлі Әлиев

Анасы: Дариға Назарбаева. Атасы: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрәлі Әлімов саясаттан гөрі экономикаға көбірек бет бұрған. Нұрәлі – Capital Holding компаниясының, полиметаллдар өндіретін “Зерттеу” кен орнының қожайыны. Hit Fm, Alma Tv, НТК және “Телекронда” үлестері бар. Соңғы жылдары Нұрәлі құрылыс пен мейрамхана кәсібіне де қызығушылық танытуда. Алматыдағы Donatello бутик-мейманханасы Әлиевтің иелігінде.

Бұдан өзге Әлімов Астана қаласы әкімінің орныбасары қызметіне тағайындалған. Ол Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономика және қаржы мамандағы бойынша, Пеппердин университетін (бизнес-әкімшілендіру) және Имадек Университетінің магистратурасын (бизнес-әкімшілендіру) тәмәмдаған.

Максим Божко

максим божко

Әкесі: 2007-2014 жылдар аралығында Төтенше жағдайлар министрі болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты Владимир Божко.

Танымал шенеуніктің ұлы көбіне ресейлік экономика нарығында көзге түсіп жүр. Бірнеше агроөнеркәсіптік кешендердің басшысы Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда. “Ақмола Феникс” пен “Шаңырақ Групп” компанияларының иесі БАҚ-қа сирек сұхбат береді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Максим Лондонда тұрады. Ол Астана мен Мәскеуге іс-сапармен жиі келеді.

Павел Кулагин

павел кулагин

Әкесі: Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин.

Ақмола облысы әкімінің ұлы мектеп біріте салысымен Мәскеуге көшкен. Сол жерде Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті тәмамдап, Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 2004 жылдан бастап Павел тек коммерциялық құрылымдарда қызмет етумен болған. 2007 жылдың басында Павел саясатқа араласа бастады. Екі жыл бұрын ол Астанада коммуналды шаруашылықты басқаруды қолға алған. Павел әзірге үйленбеген және көп уақытын жұмысқа жұмсайды.

Ғалымжан Есенов

галымжан есенов

Әкесі: геология ғылымдарының доктора Шахмардан Есенов. Қайын-атасы: Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

Алматы әкімінің күйеу баласы қаржы саласында орнығып үлгерген. Ол “Сеймар” инвестициялық тобын басқарып, “Альянс Банкі” директорлар кеңесіне мүше болған. KNG Finance бас директоры, “АТФ Банкі” директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады. Екі жыл бұрын Ғалымжан Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым-білім қорының негізін қалап, әкесінің ісін жалғастырады. 7 жасқа дейінгі балалары бар жас аналарға үй ұсынатын “Дом Мамы” жобасын басқарды. Ғалымжанның бір ұл бар.

Игорь Школьник

Әкесі: Энергетика министрі Владимир Школьник.

2015 жылдың мамырында Forbes журналы Игорьды Қазақстанның ең қалталы 50 азаматтары қатарына кіргізді. 2011 жылы БАҚ оның ең айтулы қадамын – ресейлік мұнай өңдеу зауытын сатып алуын талқылаумен болды. Игорь – Владимирдің ортаншы ұлы. Оның саясатқа аралса бермейтін қарындасы мен бауыры бар. Бүгінде Игорь әкесінен оқшау өз кәсібін жалғастыруда. Ол Алматыға сирек келеді. Көп уақытын Мәскеу мен Омскіде жұмсайды.

Қуандық Бішімбаев

куандык бишимбаев

Әкесі: Парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан Бішімбаев.

33 жастағы танымал шенеунік “Самұрық-Қазына” қоры басқармасының төраға орынбасары қызметін атқарады. Қуандық АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде білім алған. 21 жасында Қазақстан даму бакінінің бас менеджері болып тағайындалуына орай, оқуды жедел аяқтауына тура келген. Бір жылдан кейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қызметке тұрады. 2006-2012 жылдар арасында Қуандық мансап жолында біраз жетістіктерге жетті. Президент көмекшісі, Экономикалық даму және сауда-саттық вице-министрі, бірнеше корпорация басқармаларының төрағасы қызметтерін атқарды. Қуандықтың үш ұлы бар. Ең кішісі 4 жаста.

Самат Әбіш

самат абиш Ағасы: президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің немере інісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемей тұрып, әскери борышын өтеген. Өткен жылы генерал-майор атағын иеленді. Мемлекеттік қызметпен қатар Самат бизнеспен де айналысады. БАҚ-та оны бауыры Қайрат Сатыбалдының ізін басушы деп атайды. Қайрат Сатыбалды 34 жасында қазақстандық арнайы қызметтің ең жас генералы атанған. Самат БАҚ-та жиі көрінбейді және көп уақытын әйелі мен екі баласына жұмсайды.

Марат Бекетаев

марат бекетаев

Әкесі: Әділет министрінің кеңесшісі Бекетаев Бақытжан.

2000 жылы Марат Лондондық экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдап, Алматыда Британдық кеңестің құқықтық мәселелер бойынша консультанты қызметін атқарады. Марат бүгінде Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. Отбасылы. Алина және Малика есімді екі қызы бар.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық танымал саясаткерлердің ел аузында жүрген қыздарының тізімін жариялаған болатынбыз.

Дереккөз: Nur.kz