Американың экс-агенті Сноуденге сыйлық бергендер кімдер?!.
2015 ж. 23 маусым
1682
1
28 маусымда Қазақстанда Баспасөз күні аталынып өтеді. Осыған орай, Қазақстан Журналистер одағы ең үздік жұмыстарға республикалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын анықтады.
Байқау жеңімпаздарының ішінде АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы өкілі Эдвард Сноуден бар. Сноуден екі жыл бұрын әлемдік БАҚ-қа АҚШ-тың дүние жүзі бойынша ақпараттық коммуникация легін аңдуына қатысты құпия ақпаратты жария етуімен танымал болған деп жазды Kazpravda.kz.
Сноуден ҚЖО сыйлығының «Журналистік зерттеу» номнациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Еске салсақ, АҚШ тарапы Сноуденге тыңшылық пен мемлекеттік меншікті ұрлау айыптарын таққан болатын. Бүгінгі күнде америкалық азамат құпия мекен-жай бойынша Ресейде тұрып жатыр.
Источник: Nur.kz