Қазақстандық шенділердің “хит” сөздері
2015 ж. 04 маусым
1920
1
Еліміздегі шенділер кейде көпшілік алдында жөнді сөйлеймін деп, асыра сілтеп күлкіге қалып қоятыны баршылық. qamshy.kz қазақстандық шенеуніктердің “ел есінде қалып қойған” сөздерін тізбектеп шықты.

Ахметжан Есімов. Фото: i.kapital.kz
Шенеуніктердің “ел аузында таралып” кеткен сөздерінің ішінде Алматы әкімі Ахметжан Есімовтікі топ жарып тұр. Есімов бірінші жыл әкім болып отырған жоқ. Алматыны 7 жыл бойы басқарған әкім, алматылықтардың жағдайын бес саусақтай білетін бірден-бір адам.
Алматы әкімі – Ахметжан Есімовтің “ел есіңде қалған” сөздері:
“Алматылықтардың спортқа жаны құштар. Олар әр сенбі Тікұшақпен тауғы ұшып барып, шаңғымен сырғанайды. Сосын гольф ойнауға барады!”;
“Алматының қарын күремей-ақ, қою керек. Өзі еріп кетеді”;
“15 желтоқсанда қалада болғым келмейді. Сондықтан сыртқа шығып кетем. Бірақ келесі жолы, сол туған күнімде қалада болмасам да, 16-шы желтоқсанда міндетті түрде қалада болам”;
“Мен әлі әйелімнің үйінде тұрамын. Менде де үй жоқ”.
Бас партияның тізгінін ұстаушы Бауыржан Байбек:
“Мен Германияда оқыдым, ол жақта коммуналдық қызметке тіптен аз ақша шығарып жатқан үйлер бар. Коммуналдық қызмет өкілдері үй иесі өліп қалған болуы мүмкін деп келіп жатады. Дегенмен ол жақта тұратын әжей үнемдеп күн көріп жатқан болып шығады. Алдымен ол ыдысын жуады, кейін сол сумен еден жуады; алдымен балаларын жуындырады, кейін сол суға өздері жуынады. Міне, үнемдеу деп осыны айт”;
“Германияда әрқашан түнде батареяны өшіріп, суды қойып қояды. Су мұздай бастағанда, жылуды қосады. Үй ыстық болса, таңертең қалжырап, шаршап тұрасың, өйткені суық кезде адам жақсы демалады. Бөлме суық болса, адам денесінің температурасы да түседі. Тепмература түскенде – дене демалады”.
Корпорация басшысы, азық-түлікке жауапты шенеунік Руслан Азимов:
“Нан бағасының қымбаттауына бола қара аспанды төндірудің еш қажеті жоқ. Бұл бар болғаны бір шиша салқын сыраның бағасы ғой”.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов:
“Қазақстан мектептерінде әлі жоқ мамандықтарға даярлап жатыр”
“ҚазҒарыш” агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев:
Өзінен сұхбат алмақшы болған журналистке айтқаны: “Не тұрсың? Иди на х.. отсюда! Жындыма мынау? Менің басыма шық онда. Сен кімсің маған қайда тұру керектігін көрсететін?”;
“Біз Ресейдің Байқоңырда мәңгі қалғанын қалаймыз!”.
ТЖМ бұрынғы басшысы, қазіргі ІІМ орынбасары Владимир Божко:
“Біз корпоратив құруға 12 мың теңгеден жинадық. Мен 15 мың теңге бердім. Әзірге қалған ақшамды (сдача) қайтарған жоқ;
“Су тасқынының негізгі себебі – жаһандық жылыну. Бұған экология кінәлі!».
Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамед Ертісбаев:
“Қазақстандықтардың 80 пайызы еуразиялық интеграцияны, соның ішінде Ресей федерациясымен жасалып жатқан интеграцияны қолдайды”;
“Президент командасындамын. 18 жыл болды”.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев:
“Жаңаөзендегі ереуілге шыққан мұнайшылар негізінен оралмандар!” (Алайда, ресми құжаттарда бірде-бір оралман ереуілге қатыспаған деп көрсетілген.);
Мәжіліс депутаты Самиғолла Оразов:
“Ораламандарға қатысты айтарым, саны бар-сапасы жоқ болып тұр қазір”.
Дереккөз: Nur.kz