Халық қалаулысы Исекешевті жұмыстан босатуды талап етті
2015 ж. 04 маусым
1652
0
Парламент мәжілісінің депутаты Светлана Романовская Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевті жұмыстан босату қажет деп мәлімдеді.
Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. Депутаттың ойынша, туризм саласында жыл сайын қайталанып жатқан дау-дамайлардан кейін министрді орнында қалдыру дұрыс емес. “Шыны керек, біз жарты жыл бұрын осындай мерзім басталатынын айтып келдік. Сіз тұтынушыларды жаңылыстыратын компаниялардың болмауы үшін не істемек ойыңыз бар? Ақыр соңында бәрі бұрынғы орнында қалды. Менің ойымша, министрді орынан кетіру керек. Себебі бұл жыл сайын қайталанып келеді”, – деп мәлімдеді Светлана Романовская.Менің ойымша, министрді орынан кетіру керекБұдан өзге Романовская министрлік үстінен сотқа шағым түсіруге ниетті екенін айтты. “Мемлекеттік органдар қаржылық жағдайға қызығушылық танытты деп талай айтқанын қайтеміз? Барлығын тексерулері керек еді: жосықсыз туристік компаниялар туралы сыбыс шыға салысымен, сақтандыруы бар ма, жоқ па, туристер далаға қалған жағдайда барлық шығындар өтеле ме, тексеріп шығулары керек еді. Түсінесіздер ме? Олар кеше ғана жетіп, отбасымен қайта оралуға мәжбүр. Қонақүйлері төленбеген. Оларға барлығын қайта төлеуге мәжбүрлеуде. Ал қыдыру мерзімі енді ғана басталды”, – деп ренішін білдірді депутат.
Министрлікті қол қусырып отырғаны үшін сотқа беру керек“Біз бұл туралы дөңгелек үстелдерде талай айтқан болатынбыз. Мен өз саласында өте танымал Тимур Талашевич (индустрия және даму департаментінің директоры – Тимур Дүйсенғалиев) бұл мәселені түсінеді деп сендім…Министрлікті қол қусырып отырғаны үшін сотқа беру керек. Менің шенеуніктер даулы мәселелерде қол қусырып отырғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс деп айтқаныма да біраз болды”, – деді Романовская. Еске салсақ, Travelsystem туроператорының банкротқа ұшырауы салдарынан, Түркияда жүрген мыңға жуық қазақстандық саяхатшылар қонақүйлерден қуылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Дереккөз: Nur.kz