ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ГЕОРГИЙ ЛЕНТАСЫН БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ НЕГЕ НАСИХАТТАУДА?!.
2015 ж. 08 мамыр
3764
9
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіпов мырзаға
Біз тыныштығымыз бен балаларымызды кімге сеніп тапсырып отырмыз?
Астана қалалық білім басқармасы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс"атты қалалық сайыста мемлекет тыйым салған Георгий лентасы бейнелегенген дипломдармен марапаттауда. Ақтөбеде бұл заңсыз георгий лентасы жаппай саудаға шығарылып, мектептер мен балабақшаларда таратылуда. Алматыдадағы лента тартуға қарсы полиция дәрменсіздік танытуда. Біздің мемлекеттің кейінгі кездегі идеология саласындағы сәтті шешімі - Украинаның Шығысында елге лаң болып кіріп, мемлекетке іріткі салған Ресейдің басқыншылық саясатының символы - Георгий лентасының таралуына ресми тыйым салуы болды. Соның арқасында биылғы Астанада "Қазақ елі" алаңында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналып өткізілген керемет әскери шеруде жиналған халық ішінен бірді-екілі ғана білместікпен тағып алғандар болмаса, бәрі де көгілдір түсті ресми лента мен "Ақ жол" партиясының үш жылдан бері таратып келе жатқан көк түсті ұлттық оюлы Даңқ лентасын тағып жүрді. бұл Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің саяси идеологиялық жұмысындағы алға басылған қадамдар деуге болады. Соған қарамай кейбір өңірлерде қарашұбар Георгий лентасын таратып жүргендер кездесіп қалуда. Бұл жолда біз сеніп отырған полициямыз өз жұмысына жауаптылық танытып отыр ма? Кеше Алматыдан белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали хабарласып, «Алматыда Георгий лентасы әлі де еш тосқауылсыз таратылып жатыр. «Алтын Орда» сауда орталығы жанындағы «Small» дүкенінің басшылығы өз дүкендерін аталмыш ленталармен безендіріп қойыпты. Ал, Алматы қалалық №132 мектеп-гимназиясының төменгі сынып оқушылары да кеуделеріне Георгий ленталарын тағып жүр» деп хабарлады. Бұл туралы біздің qazaquni.kz ұлттық порталы "ГЕОРГИЙ ЛЕНТАЛАРЫН ТАРАТЫП ЖҮРГЕН СЕПАРАТИСТЕРДІ ҚАТАҢ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК!" http://www.qazaquni.kz/?p=35987 және "ГОСПОДА ГЕНЕРАЛЫ, ПОЗАБОТЬТЕСЬ О БЕЗОПАСНОСТИ НАШЕГО ГОСУДАРСТВА!?" .http://www.qazaquni.kz/?p=35974 атты мақалалар жариялады. Ал енді еліміздің көзін ашады деген білім саласы көздерін тарс жұмып алып, ертеңгі келешегіміз жас өркендерді мемлекет тыйым салған Георгий лентасын бейнелегенген дипломдармен марапаттап жатқанын қалай түсінуге болады? Астана қалалық білім басқармасы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс"атты қалалық сайыста мемлекет тыйым салған Георгий лентасы бейнелегенген дипломдармен марапаттауда. Астана қалалық білім басқармасының басшысы Э. Суханбердиеваның шиырып тұрып қойған қолы мен мөрі тұр...Ақтөбедегі "Алтын бала" бөбекжайының заңсыз георгий лентасын таратқан "тәрбиешілері". 8 мамыр, 2015 жыл.
Бұл көзжұмбайлық па, әлде саяси сауатсыздық па? Ал Ақтөбеде бұл заңсыз лента жаппай саудаға шығарылып, балабақшаларда таратылуда.Меңгерушісі Динара Төребаева болып табылатын "Алтын бала" бөбекжайы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне өткізген шараларына келген ата-аналарға "тәрбиешілері" арқылы 200 дана заңсыз қарашұбар георгий лентасын таратқан... "8 мамыр күні қаламызда жақында бой көтерген №45 «Алтын бала» бөбекжайында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Ұлы Жеңістің ұрпағымыз» атты Георгий лентасын тағу акциясы ұйымдастырылған. Акция балаларды қабылдау уақыты, яғни 8.00-8.30-ға дейін жалғасқан. Бөбекжайға баласын арқалап келе жатқан ата-аналар омырауына жаппай лента тағылған... "Ақтөбеде барлық сауда үйлерінде, Алтай базарында, тіпті Сақтаған Бәйішев атындағы кітапханада, мектептерде таратылды. "Неге тағып алдыңыздар?" деп сұрасақ, "басшылық таратып берді, біз тағып алдық" деп жауап берді"-дейді ақтөбелік журналист Бақыт Жаншаева біздің мақаламызға үн қосып. Бұндай мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіретін жауапсыздықтың соңы балалардың ақ жүрегіне қара дақ салу емес пе? Жаттың қаралау саясатын ағартушыларымыздың өздері алақайлап насихатап жүрсе, полициямыз болған оқиғаны тексеруге де біліктілігі мен сауаты, мемлекеттік тілі жетпей, өз қызметінің талабына сай бола алмаса, біз сонда кімге сенеміз? Бізден басқа намысты елдерде бұндай масқара үшін Білім министрінен бастап барлыгы отставкаға кетеді... Ал біздің Білім министріміз білім ордаларында қандай лаң таратылып жатқанын біле ме екен? Біз тыныштығымыз бен балаларымызды кімге сеніп тапсырып отырмыз?Қ. Жарылқасынұлы
qazaquni.kz