Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді (фото)

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана әуежайында мәртебелі мейманды және оның зайыбы Пэн Лиюаньді премьер-министр Кәрім Мәсімов пен мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қарсы алды.

Си цзинь пинь си цзинь пинь 2 Фото: Қазақпарат Қазақстан және Қытай көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин 2015 жылғы ҚР Президентін кезектен тыс сайлаудан кейін Ақордада алғашқы кездесуін өткізді. Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және жерінің тұтастығын мығым қуаттайтынын жеткізді. «Қытай Үкіметі мен халқы атынан және өзімнің атымнан сізді қайта президент лауазымына сайлануыңызбен тағы бір мәрте құттықтағым келеді. Менің бүгінгі сапарым да сізді қайта сайлануыңызбен құттықтауға асығуымды қуаттай түседі. Сіздің басшылығыңызбен қазақ халқы ынтымағы жарасып, мемлекеттік құрылыс пен ұлттық өрлеу жолында жаңа белестерді бағындыратындығына сенімім мол», – деді ол. ҚХР Төрағасының атап өтуінше, соңғы жылдары ішінде қазақстандық-қытайлық жан-жақты стратегиялық серіктестік қарқынды алға жылжып, жоспарлы ынтымақтастық та қарқынды даму үстінде. «Біздің елдеріміз өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, дамуға серпін беруде конструктивті әрі маңызды күшке айналып отыр. Қытайлық тарап Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға баса мән береді. Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және жерінің тұтастығын мығым қуаттайды», – деді Си Цзиньпин. Нурсултан Назарбаев и Си Цзиньпин Нурсултан Назарбаев и Си Цзиньпин Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екі жақты және көпжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, соның ішінде аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың нығаюына, сауда–экономикалық, инвестициялық, қаржы және мәдени-¬гуманитарлық қарым-¬қатынастың дамуына айрықша көңіл бөлінді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттарға да тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары Біріккен Ұлттар ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты түрлі халықаралық ұйымдар мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық пен үйлестірудің басты бағыттарын сөз етті. Қазақстан Президенті Қытай төрағасының еліміздегі президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келген бірінші шетелдік мемлекеттің көшбасшысы болып отырғанына назар аударды. Фото: Қазақпарат Си цзинь пинь 34 “Осы арқылы Сіз біздің қарым-қатынастарымыздың жоғары мәртебесі мен айрықша маңызын айшықтай түсесіз. Сіз мені телефон арқылы құттықтадыңыз, жеделхат жолдадыңыз, енді, міне, келіссөздер өткізуге келдіңіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз”, – деді мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-мен тату көршілік қарым-қатынасты жалғастыру Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығы болып саналатынын айтты. “Өзара іс-қимыл жасаған жылдары біз екіжақты ынтымақтастықты сапалы түрде трансформациялай алдық. Біз Қытай Халық Республикасымен ықпалдастықты тәуелсіздік жариялаған алғашқы күндерден бастадық. Содан бері үлкен жолды артқа тастап, тату көршіге айналдық, экономикалық, саяси тұрғыдан сенімді дос әрі сындарлы серіктес болдық. Бізде қарым-қатынастарымызды елдеріміздің мүддесі үшін әрі қарай дамытуға қажетті жағдайдың бар екеніне сенімдімін”, – деді Қазақстан президенті. Мемлекет басшысы екі елдің де жоспары мен нақты белгілеген жұмыстары бар екенін, ол Қазақстан-Қытай қатынастарын мүлде жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті. Соған орай, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасына, сондай-ақ Қытай басшылығына серіктестікті дамытудағы қолдауы үшін алғыс білдірді. Бүгін Астанаға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы күзде Қытайға сапармен баруы мүмкіндігі мәлім болды.