- Сол баяғы өртенген базарлардан бастаймыз. "Барахолка" базары бірінен соң бір өртеніп жатты. Жүздеген саудагердің миллиард теңге жуық тауарлары бір-ақ сәтте өртеніп кетті. Тілсіз жау тауардың түгін қалдырмай жалмап кеткенде, қалалық әкімшілік не бітірді? Иә, дамыған елдердегі үрдістер бойынша, жинақы сауда-орталықтарына көшу жақсы бастама екені рас. Алайда, қара халықты маса қуғандай, түтін салып, көшіру қаншалықты дұрыс? Бүгінде сол "Барахолка" атымен жоқ болған.
- Алматыда Сән және дизаин колледжінде, сабақ үстінде бомба жарылды. Оқушы қаза болды. 12 студент түрлі дене жарақатын алды. Шу біразға дейін барды. Мұғалім екі айға қамалды. Кейін босап шықты. Жақында, Өнер академиясында да өрт шықты. Құдайға шүкір, зардап шеккендер жоқ еді.
- Тәуелсіздік күні қарсаңында, әкім мырза, туған күнін тойлауға, қаладан шығып кетті. Өйткені, ол туған күнінде қалада "болғысы келмейді" екен. 15 желтоқсан Ахметжан мырзаның туған күні. Ал ертесі "жәй бір" Тәуелсіздік күні еді ғой.
- Тұрғын үй мәселесі. "Ветхое жилье" бағдарламасы бойынша, ескі шаршы метр жерге, жаңа шаршы метрді айырбастау. Бұл бағдарлама бойынша, 400-ден астам пәтер иесі жаңа пәтерлерге көшуі тиіс болатын. Алайда, мұның да арты дауға ұласты. Тіпті, әкім мырза, өзіне сын айтқан азаматтық белсенділердің өздерін сынға алды.
- Қаланың құрамында болса да, әлі күнге дейін көгілдір отынның қызығын көре алмай жүрген алматылықтардың жанайқайы да Есімовтың құлағына жетті. Халық шырылдады. Есімов уәде етті. "Қазтрансгаз" басшыларымен келісіп отырып, 20 пайыздан 50 пайызға дейін жеңілдіктер жасауға уәде берді. Десе де күні бүгінде әр үйге көгілдір отын тарту құны 300 мың теңгенің төңірегінен түспей келеді.
- "Көк жайлау" туристік кешені. 1,5 миллиард доллар инвестиия тартылған кешеннің кемсін тұстары жетерлік. Осы жолғы есеп беру жиналысында Есімов мырза, әдеттегідей, "Көк жайлау" үшін күресетінін айтқан. Айтпақшы, Есімов мырзаның сол есеп беру жиынына келген, оппазиционер (қарсыластары) достарын полиция қамап қойған болатын.
- Сондай-ақ, Есімов мырзаның еншісінде шешуін таппаған - экология, көлік проблемасы, қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату, Көкжайлау шатқалында құрылыс жүргізуге қатысты мәселелер тағы бар.
- Соңында, тағы да өрт. "Адем" сауда орталығы түгелдей өртеніп кеткенде қала әкімі неге саудагерлерге барып, жағдайларын білуге асықпады?
- Көпір құлады. Кісі қаза болды. Көпір құрылысына жауапты компания шетелдің еншісіне, Ресейге тиеселі болып шықты. Онда да әкім ләм-мим деп тіс жарған жоқ.
- Қала территориясына жаңадан кірген аудандар мен қаламаңы ауылдардың жол мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Жыл сайын көктем мен күзде халық қара батпақ кешіп, лай судың астында қалады...
Есімовтың есте қалар істері бар ма? (Есімов еске түсірер 10 даулы мәселе)
2015 ж. 04 мамыр
2603
0
Бүгін Алматы қалалық мәслихатының V-шақырылымының 39-сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихат депутаттары Алматы қаласы әкімінің орынтағына Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ескі әкім Ахметжан Есімовтың кандидатурасын мақұлдады.
Ахметжан Смағұлұлы Есімов 1950 жылы 15 желтоқсан күні бұрынғы Қаскелең ауданында дүниеге келген. Қазақ Ауылшаруашылық институтын тәмамдаған (1974 ж), инжинер-механик.
Атақ - дәрежелері, қызметтері:
- Экономика ғылымдарының докторы (1999 ж)
- Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы (1988-1990 жж)
-Алматы облыстық әкімшілігі басшысы (02,1992-10,1994 жж)
- ҚР Премер-министрі орынбасары (10,1994-03,1996 жж)
-ҚР Мемлекеттік хатшысы (03,1996-10,1996 жж)
- ҚР Президент әкімшілігі жетекшісі (07,1996-10,1996 жж)
- ҚР Премьер-министрі бірінші орынбасары (10,1996-02,1998 жж)
- Бельгия, Нидерланды, Люксенбург, елдерінде ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.
-ҚР Ауылшаруашылығы министрі (2001-2004 жж)
-Алматы қаласы әкімі (2008 жылдан бері қарай)
Сонымен, "жаңа-ескі" деген жаңа тіркеске де бүгінде құлағымыз үйрене бастағандай. Жеті жылдан бері Алматының әкімі қызметінен түспей келе жатқан Ахметжан Есімов елдің есінде несімен қалды? Есімовтың ел аузында айтылып жүрген кемшіліктерін тізбелеп көрейік...