“АҚ ЖОЛ" ЖЕҢІС КҮНІНЕ арналған КӨК түсті ҰЛТТЫҚ ДАҢҚ ЛЕНТАСЫН ТАРАТУДА!!!
2015 ж. 28 сәуір
5622
16
«Қазақ үні» газетіне бүгін, qazaquni.kz ұлттық порталында бір аптадай бұрын Павлодарлық тілшіміз, ұлт патриоты Руза Бейсенбайтегі бастаған бір топ қоғам белсенділерінің «Ең басты масқара, георгий лентасы еш тосқауылсыз таратылуда!..» атты Ашық хаты http://www.qazaquni.kz/?p=35555 жарияланды.
Павлодар қаласындағы Тәуелсіз мемлекетімізге қарсылық ретінде ешқандай тосқауылсыз ашық таратылып жатқан отарлаушылық символы - Георгий лентасы туралы Ашық хат ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке, ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасы Н.Әбіқаевқа, «Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қ.Байбекке, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты А.Перуашевке арнап жазылған.
Соған қарамай бұл заңсыздық тоқтамай, көп қалаларда, әсіресе, қайта солтүстік-шығыс-батыс өңірлерде қарқын алуда.
Ал "Ақ жол" партиясының елімізде екі жыл бұрын ең алғаш шығарған көк туымыз түстес көгілдір ДАҢҚ лентасы қазір барлық өңірде таратылуда екенін естеріңізге саламыз.
Сұрапыл екінші дүниежүзілік соғыста 9 мамырдағы Жеңісті жақындатқан батыр ата-бабаларымызға тағзым ретінде - Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаевтардың есімдері жазылған ұлттық оюлы Даңқ лентасы жылда еліміздің түкпір-түкпірінде дәстүрлі түрде таратып жүр.
Қазақ елін отарлауды білдіретін жат пиғылдағы заңсыз қарашұбар георгий лентасы керек пе, әлде Тәуелсіздігіміздің белгісі Көк туымыз түстес көгілдір ұлттық ДАҢҚ лентасы керек пе? Қазақстандықтардың ар-намысы сыналар жер осы таңдауда!
Георгий лентасын тарату заңсыз болатынын, мемлекет оған тиым салғанын ескертеміз!
Ал ақжолдық ұлттық Даңқ көк лентасын алып қалуға ұмтылыңыздар! Үлгіріп қалыңыздар!
Астанада Орталық аппараттан (Сарайшық көшесі 11, офис 5, 8-701-8070118), облыс орталықтарында, өңірлерде "Ақ жол" партиясының жергілікті филиалдарынан, алуларыңызға болады.
Қ.ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ
qazaquni.kz