Назарбаев: Мен әрбір азаматқа маған сенім артқаны үшін ризамын
2015 ж. 27 сәуір
2307
2
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентін сайлау нәтижелері бойынша экзит-полл қорытындысын жариялау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара барысында экзит-полл нәтижелері жарияланған жаңалықтар шығарылымы көрсетілді.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың тұтастығын, дамуға және болашақ ұрпақ үшін биік мақсаттарға бірлесіп жетуге деген талпынысын көрсеткен сайлаудың тарихи мәніне назар аударды.
“Сайлау барысында заңнама талабы толық сақталды. Сайлауды байқауға көптеген шетелдік байқаушылар мен журналистер келді. Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа биік саяси мәдениет пен демократия қағидаттарын паш етті, сол арқылы өз деңгейін әлем алдында тағы бір сатыға көтерді”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан президенті ел алдына қойылған ауқымды мақсаттарға жету үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты. “Бізде білікті мамандар, жеткілікті қаржы-қаражат, саяси орнықтылық, халықтың бірлігі мен достығы бар. Біз индустрияландыру, “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында қойылған міндеттерді орындаймыз, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етіп, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартамыз”, – деді елбасы.Қазақстанның президенттігіне кандидаттар бойынша экзит-полл нәтижесі мынадай болды: Нұрсұлтан Назарбаевқа – 97,5%, Тұрғын Сыздықовқа – 1,87%, Әбілғазы Құсайыновқа 0,63% дауыс берілген
Еске сала кетсек, Қазақстан президентінің сайлауы барысында Демократия институты елдің барлық өңірінде жалпыұлттық экзит-полл жүргізді. Зерттеулер 14 облысты, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларын қамтыды. Экзит-полл сағат 7-ден 20-ға дейін 550 сайлау учаскесінде, соның ішінде 312 қалалық және 238 ауылдық сайлау учаскесінде өткізілді. Экзит-полды ұйымдастыру және өткізу ісіне 1500-ден астам адам тартылды. Қолданылған сауалнама әдісін шетелдік және қазақстандық ғалымдар бірнеше рет сынақтан өткізген, бұл сенімді, репрезентативті мәлімет алуға мүмкіндік береді. Қазақстанның президенттігіне кандидаттар бойынша экзит-полл нәтижесі мынадай болды: Нұрсұлтан Назарбаевқа – 97,5%, Тұрғын Сыздықовқа – 1,87%, Әбілғазы Құсайыновқа 0,63% дауыс берілген.Дереккөз: ИА “Казинформ”
http://www.nur.kz/365226.html