Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтан $2 миллиард несие сұрады

Беларусь Еуразия экономикалық одағына несие алу жөнінде өтініш білдірді. Ол қаржы 2015-2017 жылдарға арналған тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін керек деп жазады “Коммерсант”.

Photo: Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтан $2 миллиард несие сұрады Несиенің нақты сомасы айтылмаған. Басылым тек Беларусь президенті Александр Лукашенконың “шамамен 2 миллиард доллар қажет” деп айтқанын хабарлайды.

Алайда Беларуссияға қордан берілетін шекті сома 1,8 миллиард доллар. Еуразиялық даму банкіне алақан жаюға бұл елді рубль девальвациясы итермелеп отыр. Минск 2015 жылы 4 миллиард доллар сыртқы қарызын өтеуі керек. Несие”тарихы”да қарызды рәсімдеуге кері әсер етуі мүмкін. 2011 жылы маусымда Еуразиялық одақ Минскіге 3 миллиард доллар берген. Алайда соңғы 6 транш тоқтатылды. Өйткені Беларусь 14 несие бағдарламасының 10-нын орындай алмады.