Мұрат Оспановқа айыппұлын төлеу үшін жарты жыл уақыт берілді

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың 1,1 млрд теңге көлеміндегі айыппұл төлеу мерзімі жарты жылға ұзартылды.

Мурат Оспанов Оспанов үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде айыппұлды төлеуі керек болатын.

“477 баптың 1 тармағына сәйкес өтініш қаралды. Оның мерзімі ұзартылды”, – деп хабарлады №2 Есіл аудандық сотында. Еске салсақ, ағымдағы жылдың ақпанында сот Мұрат Оспановты  айыпты деп танып, оған 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, оған тиесілі мүлкін тәркілеп, өмір бойына жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекеттік функциямен байланысты лауазым алуына тыйым салу туралы үкім шығарды. Мұрат Оспанов айыппұлды үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төлеуі керек болатын. Ол сот залынан босатылды. Одан бөлек, сот Қазақстан президентіне Мұрат Оспановты “Құрмет” орденінен айыру туралы ұсыныс бермекші болған. Сондай-ақ сот мемлекет пайдасына Оспановтың жеке мүліктерін: тұрған жерін тінту барысында табылған бірнеше маркалы сағаттарын, ноутбукты, планшет, компьютер, Ipad және $37 мың ақша, сондай-ақ Семейдегі тұрғын үй кешеніндегі үлесін алды.