Бұл туралы Немцовтың серігі Илья Яшин хабарлаған. Оппозиция қайраткері қастандықпен өлтірілген орындағы ойран жайлы хабар сол жерде тұрған төрт әйел мен үш ер адамның суретімен бірге сейсенбінің кешінде әлеуметтік желілерде тараған.
"SERB азат ету қозғалысы" дейтұғын бұған дейін белгісіз әлдебір ұйым осы ойран үшін жауапкершілікті мойнына алатынын айтқан. Қазір ол жерге жаңадан гүлдер қойылып, бүлінген заттарды қайтадан қалпына келтірген.
Борис Немцовті 27 ақпан күні түнде Мәскеудің орталығында - Кремльге жақын маңда атып өлтірген. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ресей билігі бес адамды тұтқындаған. Бірақ олар өздеріне тағылған айыптан бас тартқан.