Президенттікке кандидат ретінде тағы 1 әйел тіркелді
2015 ж. 12 наурыз
2308
4
ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тағы бір әйел тіркелді, ол Айгүл Өтепова, деп мәлім етті ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фосс.
«Президенттікке ұсынылғандардың арасында 2 әйел бар. Лимана Қойшиева қол қою парақтарын алды. Екіншісі уақытша жұмыссыз шымкенттік Айгүл Өтепова», - деді В.Фоос.
Оның айтуынша, А.Өтепова алдағы уақытта ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсырады.
Айта кетейік, 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиева мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсырған еді. Комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиеваның мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдаған-ды.
Жалпы, бүгінгі күні президенттікке кандидаттар саны 21 адамға жетті. Оның сегізі нақты себептермен тіркелген жоқ.
Текст: «ҚазАқпарат»