«КӨП ӘЙЕЛ АЛУ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНУЫ КЕРЕК ПЕ?

15
3504

Интернетті ақтарып отырсам орыс тілді БАҚ –тар да тоқал туралы мәселені мысқылдап қозғап отыр екен. Оларға бұл тақырып қазақты мазақ қылу үшін керек, ал қазақ тілді баспасөз бұл туралы түк білмегендей кейіп ұстанғаны жөн.

Қазір әйелдерге «қатын» десең баж ете қалады. Саған ала көзбен қарап «мәдениетсіз, дөрекі» деп, сөгіп салады. Бұл сөздің соншалықты жеккөрушілікке ұшырауына не себеп? Кеңес Одағы орнап, коммунистер билікке келгеннен соң «бай» мен «қатын» деген сөзге қарғыс айтылды. «Бай-манаптардың қолданған сөзін қолданбаймыз, жаңа заман құрып, жаңа сөздер ойлап табамыз»,- деген советтердің жаңашылдығы «қатын» сөзінің орнына «әйел» сөзін қолданысқа зорлап енгізді. Қазақ халқы атам заманнан өз ұлтынан алған сүйікті жарын «Қатын» деп өзге ұлттардан тартып алған, жаулап алған, сатып алған, тұтқынға алған жарына «әйел» деп кейде «тоқал» деп кемсітіп айтатын болған. Кеңестік ақын-жазушылар мен қырағы аудармашылар төңкеріске дейін қазақтың қисса-дастандарында, батырлар жырындағы, ауыз әдебиетіндегі араб, латын әріптерімен жазылған қазақ шығармаларын орыс әрпіне қайта көшіріп жазғанда да «қатын» деген сөзді «әйел» деп, байлардың екінші-үшінші кішіжарларын кемсітіп «тоқал» деген сөзге ауыстырып отырды. Бір ғасырда үш рет әліпбиін алмастырған тіліміздің қай бір жаны қалды дейсің? Лингвист, профессор Рахманқұл Бердібаев ағамыз: «Қазақтың 18 мың сөзі бұзылды» дегені еш дәлелдеуді қажет етпейді. Жұма-Назар Сомжүрек ағамыз «тоқал» сөзін қолданбай «Кішіжар» деп атауы, өте орынды ұсыныс. Ата-бабамыз қазақ ұлтынан алған екінші, үшінші жарын осылай атаған.

2007 жылы Парламентте «Неке және отбасы» кодексі талқыланғанда сол дау-дамайдың ішінде менде болғанмын. Бұл заңды талқылағанда бір өкініштісі, екінші әйел алу жөнінде парламент мінбесінен айтылған да қаралған да жоқ. Депутаттар жәй өзара отырғанда әңгіме болғаны рас.Тек сол күні кешке 31 канал; «екі әйел алу жөнінде ұсыныс өтпей қалды» деп өтірікті соғып жіберді. Журналист бір- екі депутаттардан сұхбат та алып жұртшылықты алдап соқты. Мұның арты гулей жөнелді…

Біздің ауылда «провакатор»- «арандатқыш» деген кішкентай қанден ит болады. Үйдің жанынан мал ма, адам ба, жыбырлаған бірдеңе өтіп бара жатса бетімен шәуілдеп шыға келеді. Оның дауысын естіген басқа иттер де ештеңе көрмесе де алақтап -жұлақтап бетімен абалап шаба жөнеледі. Орыс тілді газеттер осылар сияқты жаңағы өтірікті іліп әкетіп, қазақ халқын оның асыл салт-дәстүрін кекетіп-мұқатып екі әйел алғандарды мазақтап, айыздары қанғанша келекеледі. Бір қызығы біз, қазақтар «екі қатын алу керек пе, жоқ па?» деп улап-шулап жүргенде ауылымыздың орысы Сергей екі қатын алып айды аспанға бір-ақ шығарды. Алғашқы жарты жылда ауыл үшін әңгіме, ермек болды. Кейбір отбасында ұрыс-жанжалдың көзіне де айналады. Күйеулерінен күдіктенгіш секемшіл әйелдер кешігіп келген күйеулеріне: «тоқал іздедің бе, қайда жүрсің» десе, басқамен бөліскісі келмейтін кейбіреуі күйеуімнен айырылып қалармын деп «жаным, жұмыстан шаршап келдің ғой, тамағың даяр» деп балаларының әкесі, өзінің жары екенін енді біліп бағалай бастады. Кейбір еркектер әйелі айтқанын істемей қойса; «тоқал алып көзіңе көк шыбын үймелетемін»,- деп сес көрсете бастады. Ал, Сергей ауылға шешесін, бәйбішесін, екі баласын қойып, жас тоқалымен қалада тұрып жатыр. Әр жексенбіде жас келіншегімен, одан туған кішкентай баласымен келіп, бүкіл отбасымен бір үйде тұрып, бақшада көкөніс өсіріп, күліп-ойнап, бәйбішесі мен де «аунап-қунап», ауыл әйелдері мен еркектерінің ішін күйдіріп жүр. Көре алмаған әйелдер қызғаныштан үй аралап, Сергейдің ауылдағы бәйбішесін: «ол қатын шошқа тағалап жүр дейсің бе, ашынасы бар ғой» – деп байыз таппай тыпыршып, өсектеп кояды. Әсіресе, кеңес заманында парткомдарға арқа сүйеп, еркектерді телпек қылған әйелдер: «Шіркін, Кеңес Одағы болғанда екі әйел алғаны үшін мына сүмелектерді ит жеккенге айдап, түрмеде шірітер еді» деп «гендерлік саясатты» бар бақыты санайтын белсенді әйел тісін қайрап қояды. Ал, Сергейдің үйінің жанынан өткен еркектер тәтті қиялдарға беріліп, көздері жайнаңдап, алдағы күндеріне «зор үмітпен» қарап, жымиып қояды. Осы орысқа заң керек болды ма, жоқ. Сондықтан әзір қазаққа да керегі жоқ. Өйткені қазіргі қазақтың кешегі құлдық санадан құтыла алмай жүрген жетпіс пайызының психологиялық қабілеті оны қабылдауға әлі дайын емес. Жетпіс пайыз қазақтың жартысы орыстанған қазақ. Ол жартының жартысының өзі, тілі қазақ болғанмен санасы уланған байғұс қазақ. Қанша жылдық отаршылдықтың зардабы олардың да санасын тұмшалап, еңсесін езіп жіберген. Сонда қалғанының қолынан не келер дейсің. Күші, байлығы, билігі бар қазақтардың көбісінің бойында ұлттық, мемлекеттік мүддені ойлау, ойына да келмейді. Осыдан бес жыл бұрын Шешенстандағы шешен әйелдері бір ауыздан: «байларымызды, балаларымызды орыстың әскерлері қырып салды. Солардың орнын толтыру үшін шешен ұлдарын туымыз керек. Тірі қалған шешен еркектеріне төртінші, бесінші болып тисекте шешен халқын көбейтіп, ұлтымызды сақтаймыз» деп күндестікті, надандықты қойып жаппай кішіжар болып күйеуге тиіп жатты. Ал бізде, парламенттің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова «Еркектер көп әйел алса, әйелдер көп байға тисін» деп ойбай салып еді. Егер алда-жалда парламентте екі әйел алу жөнінде заң қабылдай қалса, қазір ол қазаққа жұмыс істемейді. Керісінше орасан зияны тиіп, қазақ халқына орны толмас өкініш әкеледі. Сыртқы да ішкі де жауларымыз осы заңның қабылданғанын күтіп отыр. Қабылданған күннің ертесіне іштен, сырттан шыққан жаулардың қаржыландыруымен мыңдаған «Әйел құқығын», «Бала құқығын», «Әйел теңдігін қорғау» ұйымдары тарақанша қаптап, бүкіл ақпарат құралдары өзіміздікі бар, сыртқы жаулардың орыс тілдісі бар ермегі біздің әрбір тату -тәтті тұратын екі әйелі бар отабсыларының шаңырағын ортасына түсіріп, соны жерден жеті қоян тапқандай, балаларын бақытсыз, әйелі қорланған, зорланған, азаптанған, құқығы аяққа тапталған қылып көрсетеді. Кішіжарды арандатып, ажыратып сосын олар үшін арнайы бейімделу орталықтарын ашып, «қол ұшын» беріп әлемге күніне мың рет жарнамалап , өсіп келе жатқан ұл мен қыздардың санасына жиіркенішті етіп көрсетіп, қазақ жастары қазақ болудан қашады. Өз ұлтының салтын, дәстүрін, дінін жек көретін болады. Ішкі саясатымыз тұрмысқа шықпаған қызымыз бен ажырасқан әйелдерімізді екі әйел алмайтын өзге ұлттарға байға тисе бақытты өмір сүріп, балалары сорлы болмайтын қылып көрсетеді. Өзге ұлттардың сорлы, алаяқ, ұры-қары, алқаш, жаман -жәутіктеріне дейін қазақтың бай, биліктегі әйелдерін қатын қылып мамыражай өмір сүретін болады. Бұндай сұрқия мысалдардың миллиондаған түрін айтуға болады. Сондықтан бірінші міндет қазақтың тоқсан пайызы қазақша жазып, қазақша сөйлеп қазақша ойлайтын дәрежеге жеткенше екі әйелі бар отбасыларының жақсы жақтарын үнемі арасын үзбей күнде жарнамалап көрсете беру керек, айта беру керек, жаза беру керек. Сосын барып «Көп әйел алу» туралы заңды қабылдауға болады. Дәл қазіргі жағдай да өте қауіпті.

Тоғайбай Нұрмұратұлы,

 Астана.

Абай.kz

15 ПІКІРЛЕР

  1. енди айелдерге айтатыным депутаттардын коп айели бар жагдайы жетеди солар зандастыра алгысы келеди дейсиздер далбаса тек жагдайы бар байлар депутаттар шенеуниктер алып жаткан жок кара халыкта алып жатыргой айналамызга козимизди жахсылап ашып карайтын кез келдигой

  2. мен мысалы екинши айел алсам деген ойым бар сол айелим занды болганын калаймын енди сол айелимнен туылган балаларым занды болса деймин енди екинши айел алган жагдайда бириншисимен ажыраспаганды калаймын балаларымшы биринши айелден туылган не болады??? Сурак коп жауап жок ертерек кабылданыздар парламинтте отырган депутатар зан керек казак елине миндетти турде ойланатын неси бар уахыты келип жетип турган сиахтым менимше дал казир

  3. Арйне коп айел алу уран емес. Коп айел алу ушын сол Ер адамда кемдегенде 3 шартты орындай алуы керек. 1- Руханй ылымы ягныи шынайы кудай ушын деген такуалыгы болу. -сол алган айелдерынын берекесыне тутка бола былу. 2- Экономикалык жагдайы болу. 3- Сол алатын айелдерынын жас молшеры озынын физологиалык куш-куатна сай келуы керек

  4. Бұрынғы ата-бабаларымыздың байлары ғана көп әйел алған. Кедейлерінде ондай жағдай болан жоқ. Мысалы: М.Әуезовтың «Көксерек» фильмінде Атамқұл кедейлік тауқіметінен үйлене алмайды.Қазіргі заманда да менің екі ұлымның бастарында «Жилстрой» банкіден алған 85000 мыңнан несиелері бар.Министрлер мен депутаттарда қаражаттары жеткілікті болғандықтан «Тоқал» мәселесін айтқылары келетін шығар.Жалпы Қазақстандағы үйсіз-күйсіз жүрген, мысалы, аула сыпырушы, еден жуушы, оны да таба алмай жүрген адамдарға баспананы жалға беру,барлық халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларын қарасаңыздаршы.Кейбір не жұмысқа алмаған, не ақшасы болмағандықтан білім ала алмаған жігіттер әр түрлі секталардың арбауларына түсіп, сақал өсіріп, Сирияға кетіп жатқандар аз ба? Ертең Грузия, Қырғызстан, Украинада болған жағдайлар болмасына кім кепіл? 2011 жылы Жаңа өзенде болған көтеріліс сондай жағдайдың ұшқыны ғой. Мен мұғаліммін 60 мың теңге аламын Барына, еліміздегі тыныштыққа разымын. Депутаттар 600 мың алатын шығар.Сосын тоқал мәселесін армандайтын шығар. Адамның барлығы Аққудай ғұмыр бойы бір-ақ рет жұптасып, махаббаты болса екен деген тілегім. Министр, депутат, ауқатты адамдардың шамына тиіп кетсе, алдын-ала кешірім өтінемін!

  5. Бұрынғы ата-бабаларымыздың байлары ғана көп әйел алған. Кедейлерінде ондай жағдай болан жоқ. Мысалы: М.Әуезовтың «Көксерек» фильмінде Атамқұл кедейлік тауқіметінен үйлене алмайды.Қазіргі заманда да менің екі ұлымның бастарында «Жилстрой» банкіден алған 850000 мыңнан несиелері бар.Министрлер мен депутаттарда қаражаттары жеткілікті болғандықтан «Тоқал» мәселесін айтқылары келетін шығар.Жалпы Қазақстандағы үйсіз-күйсіз жүрген, мысалы, аула сыпырушы, еден жуушы, оны да таба алмай жүрген адамдарға баспананы жалға беру,барлық халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларын қарасаңыздаршы.Кейбір не жұмысқа алмаған, не ақшасы болмағандықтан білім ала алмаған жігіттер әр түрлі секталардың арбауларына түсіп, сақал өсіріп, Сирияға кетіп жатқандар аз ба? Ертең Грузия, Қырғызстан, Украинада болған жағдайлар болмасына кім кепіл? 2011 жылы Жаңа өзенде болған көтеріліс сондай жағдайдың ұшқыны ғой. Мен мұғаліммін 60 мың теңге аламын Барына, еліміздегі тыныштыққа разымын. Депутаттар 600 мың алатын шығар.Сосын тоқал мәселесін армандатын шығар. Адамның барлығы Аққудай ғұмыр бойы бір-ақ рет жұптасып, махаббаты болса екен деген тілегім. Министр, депутат, ауқатты адамдардың шамына тиіп кетсе, алдын-ала кешірім өтінемін!

  6. Казир коптеген жигиттер акшасы бар айелдин колына келип турады арине жигиттер артык айтпаган шыгармын, бир кумалак 1 карын майды ширитет деген жигиттин бари деуден аулакпын бирак кездеседи. Еркек 2 айел алып асырамак тугил осындай керсинше кездериде кездеседи. Казирги жигиттеримиз жалкаулык басым дайын акша , уй, машина болса айелде бирге туруга карсы еместигин билдиреди жане корипте журмиз ондай жигиттерди. Ата бабаларымызда алган деитиндерде бар ол заман болек деп ойлаймын,ким ойлап турсан кандай кыз екинши айел болгысы келеди одан уйинде отырганы макул емеспа.

  7. Есі кеткен екі қатын алады. Осы тақырыпты жазған адамның қыздары бір алжыған шалдың екінші немесе үшінші қатыны болып тисе қалай сайрағанын сонда көрер едік. Соғыстың бетін ары қылсын елдің тыныш заманында еркек жетіспейді деп байбалам салып елді дүрліктіру кімге керек? Қазір керісінше елімізде сұр бойдақтардың саны артуда. Негізі сайқымазақ елінде тұрып жатырмыз.Мен білетін 20 отбасының 10-ны осы тоқал алғаннан кейін құлады.Заманмен бірге адамның дүние танымының өзгеруі ол табиғи құбылыс. Ал қазіргі еркектер әйелдердің дүние танымы мен түсінігі сол баяғы 16-17 ғасырдағыдай болғанын қалайды дәстүр мен дін бойынша еркек әйелге аяғын сүртіп жүру керек пе? немесе қазіргі қапа сақалдылар дін іздеген 18-20 жастағы жас қыздардың абыройы мен ар-намысын аяққа таптап дінді сылтауратып құдайға емес еркекке бойұсынып табыну керек деп білгендерін істеуде. Онсызда дарақы мінезді және адуын қазаққа мынау таптыртпайтын тәсіл екен.

  8. Большинство казахов по уши в кредитах. Когда человек берет одну ипотеку на 20 л и не может справится с оплатой без помощи жены, как он себе позволит еще одну ипотеку?! Если не ошибоюсь по шариату в одном доме не должны жить несколько жен и муж должен обеспечить всех одинаково. И нужно согласие первой жены. В нашей стране не ново когда муж сидит на шее жены и к сожалению это не редкость в нашем обшестве. Если чиновники переживают за демографию, пусть делают для этого условия. Не многоженством, а улучшают условия жизни, медицину, экологию. У нас недвижимость стоит как в европейских странах или в Америке. Даже в Барселоне и в Болгарии дешевле чем у нас вроде.Пусть платят за каждого ребенка родителям очень хорошие деньги, а не смешные копейки . Если не улучшит эти проблемы, хоть 10 жен возмет мужчина демография не улучшится, потому что ребенок дорогое удовольствие.

  9. Ар адамнын басында 2,3 банктерде кредиттен бас котере алмай жур сол алган айелди асырай алмай отыргандар бар екинши айел алган былай турсын. Арине калтасы калын омиринин сонына дейин коры бар адам алмаса жагдайы киын болатын шыгар деп ойлаймын . Себеби, 1 емес 2 айелдин ренишине олардан болган балдардын омири не болат калтан жука болса не пайда. 1 айелде ала алмай журген бойдак жигиттеримизде жок емес сол кыздар богде адамнын жануясына ортак болганша сол бойдак жигиттерге кездессе екен.

  10. Закон должен быт. это нормальное явление. Победителей не судят , КАЗАХСТАН БОЛЬШОЙ,нужен население. Чтобы решит это глобальную задачу ,нужен закон о многоженство.ПУСТЬ простят меня наши Матери и Сестры .

  11. Әрине, ондай заңнын болғаны зиян болмас еді. Бірақ, кімді кім асырау міндеті екенін жанулар өздері шешу қажет. Қоғам ол жағынан ішкімге міндет салмау қажет. Өзімнің тәүелсіз пікірім. Ішкімді үгіттеп отырған жоқпын. Құрметпен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз