А. Перуашев: "Ақжолдықтар" кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдайды

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу  идеясы қазірдің өзінде қоғамда оң пікірлер туғызып жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада "Ақжол" партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев мәлім етті.

Перуашев: "Бүгін "Ақжол" партиясының президиумы өз жұмысын аяқтады. Кезекті отырыста бірқатар мәселелерді қарастырдық. Осы мәселелердің арасында өткен сенбідегі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі Үндеуін де талқыладық", - деп тоқталды ол.

Осы орайда ҚХА-ның бастамасы бойынша  кезектен тыс президент сайлауын өткізу тұрғысында Азат Перуашев "Ақжол" демократиялық партиясының мәлімдемесін оқып берді. "Ақжол" партиясы 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясына қатысты өзінің ұстанымын білдіруді маңызды деп санайды. Мұндай бастамамен 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шыққаны белгілі. Аталған мәселе бүгін партияның орталық кеңесі президиумында талқыланды. Бұл идеяның қазірдің өзінде қоғамда оң пікірлер туғызып жатқанын айтқанымыз жөн. Оған байланысты "Ақжол" демократиялық партиясының мүшелері кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеуді қажет деп санаймын", - деді партия төрағасы. Осы орайда ол әлемдік тұрақсыздық пен сыртқы экономикалық дағдарыстың қысымы жағдайларында Қазақстанда Президент ұсынған "Нұрлы жол" дағдарысқа қарсы саясатын іске асыруға күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор екенін атап өтті. "Мәселені құқықтық жағынан да атап өту керек. Өйткені, бұл шара конституциялық өткізу мерзімдері 2016 жылға қатар келіп тұрған президент және парламенттік сайлауларын екі бөлек өткізуге мүкіндік береді. Егер оң шешім қабылданып жатса, кезектен тыс президент сайлауы біздің елімізді дамытуда маңызды және жағымды рөл атқаратынына сенімдіміз. Ол сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеруге және әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену жолын жалғастыруда шешуші шартқа айналатын болады", - деп түйіндеді Азат  Перуашев.

Источник: ИА "Казинформ"