Дариға Назарбаева кезектен тыс сайлау туралы жөнінде түсініктеме беруден бас тартты
2015 ж. 16 ақпан
2861
4
Парламент депутаттары елде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Қазақстан халқы ассамблеясының ұсынысын қолдайды.
"Біз де өз пікірімізді айта аламыз. Бізде парламент қандай да көзқарасын білдірсін, немесе шешім қабылдасын деген заң жоқ, бірақ біз оны білдіре аламыз, ол артық болмайды. Әрине, палаталарындың бірлескен жеке отырысында оны қарай аламыз. Мен ол ұсынысты (кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы – ҚазТАГ) қолдағысы келмейтін бір де депутатты көрмедім", - деді мәжіліс депутаты Зағипа Белиева дүйсенбі күні парламенттегі үкімет сағатында.
Оның айтуынша, ол да ҚХА ұсынысын қолдайды себебі оған бірнеше себеп бар.
"Бірнішіден – құқықтық (себептері – ҚазТАГ), яғни, егер сайлау өтетін болса, онда бір жылы парламенттік те және президенттік те сайлау өтпеуі керек деген талап орындалады. Екіншіден – таза экономикалық себеп. Бүкіл әлемде дағдарыс өршуде. Құдайға шүкір, ол біздің елде жоқ, бірақ, әлемді шарпыған қауіп-қатер бізге ықпал етпейді деу аңқаулық, сондықтан қауіпсіздік жастығы – "Нұрлы жол" бағдарламасы – табыспен іске асырылуы керек және оны жарты жолда тоқтатуға болмайды", - деді ол.
"Биыл оны бастадық, және алдағы 5 жылда, яғни 2020 жылға дейін оны табыспен енгізу керек, себебі ол сыртқы факторлардан қорғайтын қауіпсіздік жастығы іспеттес", - деді ол.
Балиева түсіндіргендей, сайлау туралы заң бойынша кезектен тыс сайлауды тек президент тағайындай алады.
"Заң бойынша, тек президент қана сайлауды тағайындай алады, және одан соң 2 ай ішінде сайлау өтуі тиісті. Заң бойынша біздің оны мақұлдауымыз немесе мақұлдамауымызды талап етілмейді. Біздің барлығымыз ассамблея шешімін қолдаймыз. Мәжіліс ондай ұсыныс енгізуі тиістілігі туралы заңды талап жоқ, ол президенттің құзырында", - деп ол атап көрсетті.
Бұл ретте ҚХКП атынан сайтынған мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Қазақстан халқы ассемблеясының ұсынысын қолдайтындығын, және егер коммунистер съезінде оны қайтадан ұсынатын болса, ол тағыда президенттікке үміткер ретінде қатысатындығын мәлім етті.
"Біз балама ретінде бірнеше үміткерді ұсына аламыз. Олардың барлығы сайлауға қатысуға дайын. Мен өзіміз үшін жауап бере алмаймын, егер сенім білдірсе, әрине, оған дайын болуым керек", - деді ол.
Өз кезегінде мәжілістің вице-спикері Дариға Назарбаева Қазақстанда кезектен тыс сайлау өтуі мүмкіндігі туралы жөнінде түсініктеме беруден бас тартты.
"Мен – дербес тақырыппын", - деді Назарбаева.